ВС РК - Постановление от 17.05.2018 по делу 6001-18-00-6кп/27 (Об административном правонарушении)

6кп-27-18/1

Қ А У Л Ы

2018 жылғы 17 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы:

төрағалық етуші судья Н. Жолдасбеков,

судьялар Ж. Ермағамбетова, Б. Шермұхаметов болған құрамда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілі И[...] пен Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Н[...], әкімшілік тәртіпке тартылған жеке тұлға М[...] пен Алматы облысы, [...] адвокаттар алқасының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 2396 ордерінің негізінде әрекет ететін оның қорғаушысы Б[...] қатысуымен кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Н[...] Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының 2017 жылғы 4 шілдедегі және 2017 жылғы 9 тамыздағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша келіп түскен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 406-бабы 1-бөлігінің 2-тармағымен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы М[...] қатысты істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қапшағай қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Б. Н[...] қалалық сотының 2017 жылғы 4 шілдедегі қаулысымен М[...] ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 45380 теңге айыппұл салынған.

Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының 2017 жылғы 9 тамыздағы қаулысымен құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты аталған лауазымды адам актісінің күші жойылып, іс жүргізу тоқтатылған.

Бұған қоса, Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының 2017 жылғы 9 тамыздағы жеке қаулысында іс жүргізу кезінде лауазымды адам тарапынан орын алған заң бұзушылықтар бойынша шаралар қолдану қажеттігі туралы көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған алқасының кассациялық қаулысымен Қапшағай қалалық сотының 2017 жылғы 9 тамыздағы қаулысының күші жойылып, іс бойынша іс жүргізу қайта қозғалып, ол аталған іс сол сотқа қайтадан қарауға жіберілді.

Осыған байланысты Қапшағай қалалық сотының осы іс бойынша шығарған жеке қаулысының да күші жойылуға жатады. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа алып, мамандандырылған сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша М[...] қатысты қабылданған Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының 2017 жылғы 9 тамыздағы жеке қаулысының күші жойылсын.

Төрағалық етуші Н. Жолдасбеков Судьялар Ж.Ермағамбетова Б.Шермұхаметов

Көшірмесі дұрыс. Судья

Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.