Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 21.01.2026 по делу 6003-00-25-2к/3090(2) (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 21 қаңтар №6003-00-25-2к/3090(2) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

прокурор Н.Молдаханов, аудармашы Р.Таласбаева, талап қоюшының өкілі Е.Шуданов, жауапкерлердің өкілдері С.Байназаров, Ж.Кабылов, Ж.Байжаркинова және С.Сизинцевтің қатысуыларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Ақтөбе қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Жанар Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 мамырдағы шешіміне және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 шілдедегі қаулысына жауапкер «Жанар Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – департамент) жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандандырылып, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) мен «Жанар Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі –серіктестік) арасындағы 2022 жылғы 1 желтоқсанда жасалған №346 және №347 жер телімін сатып алу-сату типтік шарттары жарамсыз деп танылған.

Мемлекеттік мекемесі мен серіктестіктің әрқайсысынан жергілікті бюджет пайдасына 1 966 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілген.

Серіктестік кассациялық шағымында, соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар дұрыс айқындамағанын және анықтамағанын, материалдық және процестік құқық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 48бабына сәйкес қосымша жер учаскесін беру тек жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін қарастырылған.

Өзге жағдайларда мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру тек сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Осы Кодекстің 84-бабына сәйкес жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы (мемлекеттен сатып алынған немесе сатып алынбаған жер пайдалану құқығымен) жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.

Жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару, егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алған болса, жер пайдалану құқығын сатып алғаны үшін төлемақы құны жер пайдаланушыға өтеле отырып жүзеге асырылады, сондайақ оның қалауы бойынша осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 158бабының 1-тармағына сәйкес мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы №6395 қаулысына сәйкес серіктестікке Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесінде орналасқан көлемі 992 шаршы метр, оған қосымша көлемі 2008 шаршы метр жер телімін қосып, жалпы көлемі 3 000 шаршы метр болатын және алаңы 1 417 шаршы метр қосымша жер телімі жеке меншік құқықтарымен берілген.

Аталған қаулы негізінде мемлекеттік мекеме мен серіктестік арасында 2022 жылғы 1 желтоқсанда №1 теліміне №№346, 347 жер телімдерін сатып алу-сату туралы типтік шарттар жасалған.

Серіктестікпен жоғары көрсетілген жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттары алынып, №1 жер теліміне 02-036-027-316, №2 жер теліміне 02-036027-317 кадастрлық саны берілген.

Алайда, Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы №6395 қаулысы негізінде жауапкерлер арасындағы дауланып отырған шарттар Кодекстің 48 және 84 баптарының талаптарын өрескел бұза отырып жасалған, яғни жер телімін беру сауда-саттықсыз жүргізілген.

Бірінші сатыдағы сот дәлелдемелерді зерттеп, әкімнің қаулысымен берілген жер телімдері (негізгі және қосымша) бір жерде орналасқаны, ол жер телімдерінде құрылыс салынбағаны, сондықтан жер теліміне құқықтарды сауда-саттықсыз табыстау негіздері жоқ екені дұрыс анықталған.

Мәмілелер жарамсыз деп танылуына орай, АК-нің 157-1-бабының 3- тармағына сәйкес, бірінші саты соты мәмілелер бойынша берілген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарылуға жататыны туралы дұрыс қорытынды жасаған.

Алқа бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен келіскен.

2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Құқықтық актілер туралы заңының 65бабы 2-тармағына сәйкес жеке-дара қолданылатын құқықтық акт оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды осы құқықтық акт өздеріне арналған тұлғалар орындаған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.

Әкімнің жер теліміне серіктестікке меншік құқығын беру туралы қаулысы негізінде даулы сатып алу-сату шарты жасалғандықтан қаулы орындалған болып саналады, сәйкесінше қаулының қолдануы тоқтатылады. Мұндай жағдайда, азаматтық іс жүргізу тәртібімен шарт дауланғанда қаулыға баға берілумен шектеледі. Сондықтан жауапкердің жергілікті атқару органының қаулысы заңды күшінде болғанына байланысты шарт жарамсыз деп танылуға жатпайтыны туралы уәжін сот негізсіз деп санайды.

Серіктестік жер телімдеріне қатысты құқықтарын адал алғаны туралы шағым уәжін сот негізсіз деп табады. Себебі, даулы жер теліміне меншік құқығы жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес сауда-саттық өткізу нәтижесінде берілмегендіктен меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.

Жауапкердің кассациялық шағымының талап қоюшының мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюға өкілеттігі мен құқықтары жоқ екені туралы уәжі негізсіз. Себебі, Жер кодексінің 14-бабы, 147-бабының 2- тармағының 1) тармақшасына және 148-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын анықтау және жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруін, жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінің дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараладың орындалуын қамтамасыз ету талап қоюшының міндетіне кіреді.

Сонымен қатар, жауапкердің дау жария-құқықтық қатынастардан туындағандықтан азаматтық іс жүргізу тәртібінде қаралуға жатпайтыны туралы шағым уәжін келесі мән-жайларға байланысты негізсіз болып саналады. ӘРПК-тің тәртібімен істерді қарау әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) талап қоюшының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған арнайы қағидаттарды қолдануды көздейді.

ӘРПК-нің 31-бабы 3-бөлігіне сәйкес, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюмен әкімшілік іс жүргізуде прокурор жүгінуге құқылы.

2021 жылғы 1 шілдеден, яғни ӘРПК-нің қолданысқа енгізілгеннен бастап, Жер ресурстарын басқару департаменті әкімшілік сот өндірісі шеңберінде жергілікті атқарушы органның шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қою бере алмайды, өйткені атқарушы орган департаментке қатысты билік өкілеттіктерін жүзеге асырмайды.

Осыған байланысты АПК-тің 23-бабына сәйкес, бұл дау азаматтық істер қарайтын соттардың ведомстволығына жатады.

Сондай-ақ, іс бойынша әкімдіктің орнына әкім аппараты жауапкер ретінде тартылғаны мәні бойынша дұрыс шешімнің күшін жоюға негіз болмайды, себебі даулы мәміленің екінші тарапы, Әкімдікке қарасты «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі іс бойынша жауапкер ретінде қатыстырылған.

Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Шағымның басқа уəждері сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жанжақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді. Сондықтан, сот актілер күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 мамырдағы шешімі және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 шілдедегі қаулысы күшінде, жауапкер «Жанар Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев Судья А.Даненова

Судья

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.