ҰЙҒАРЫМ
2025 жылғы 27 қараша №6003-25-00-4/42 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы Е.Б.Төлеев
Смагулова Лиза Толкынбаевнаның жауапкер жеке сот орындаушысы Копжасаров Қайрат Копжасаровқа атқарушылық іс жүргізуді қозғау және автокөлікке тыйым салу туралы қаулыларын заңсыз деп танып, күшін жою, іс құжаттарының көшірмесін бермеуді заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істің соттылығын айқындау туралы Жетісу облыстық соты төрағасының ұсынысын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Л.Т.Смагулова жеке сот орындаушысы К.М.Копжасаровқа жоғарыда аталған талап қоюымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағымданған.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 4 қыркүйектегі ұйғарымымен әкімшілік іс эксаумақтық соттылығы бойынша қарау үшін Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.
Жетісу облыстық сотының төрағасы ұсынысында осы әкімшілік істің соттылығын айқындауды сұрайды.
Ұсынысты қарап, іс құжаттарын зерттеп, судья төмендегідей тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 108-бабы екінші бөлігінің 1)-тармағының талаптарына сай, егер әкімшілік істі осы сотта қарау кезінде оның іс жүргізуге соттылық қағидалары бұзыла отырып қабылданғаны анықталса, сот әкімшілік істі басқа соттың қарауына беруі тиіс.
ӘРПК-нің 106-бабының бірінші бөлігіне сай әкімшілік істер әкімшілік актінің шығарылған орны бойынша немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 127-бабына сәйкес өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым сотқа Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берiледi.
«Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 Нормативтік қаулысының 2-тармағында көрсетілгендей, жеке сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жеке сот орындаушысының тіркелген жері бойынша аудандық (қалалық) сотқа беріледі. Іс материалдарына қарағанда талап қоюшы жеке сот орындаушысының қаулылары мен әрекеттерін даулайды. Жауапкер Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының мүшесі. Мұндай жағдайда осы әкімшілік іс жеке сот орындаушысының орналасқан (тіркелген) жері бойынша қаралуы тиіс.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты істі соттылық қағидаларын сақтай отырып қабылдаған, істі Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберуге негіз жоқ.
Соттар арасында туындаған істің соттылығы туралы дауды қараған кезде жоғары тұрған сот осы істің соттылығы мәселесіне қатысты шығарылған сот актілерінің күшін жоймайды, тек істің нақты бір соттың соттылығына жататынын айқындайды.
ӘРПК-нің 109-бабының бірінші бөлігін басшылыққа алып, судья
Ұ Й Ғ А Р Д Ы:
Осы әкімшілік іс Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілсін. Жетісу облыстық соты төрағасының ұсынысы қанағаттандырылсын. Ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.
Судья Е.Төлеев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.