ВС РК - Постановление от 28.04.2022 по делу 6001-21-00-6ап/179 (Административное)

6001-21-00-6ап/179

ҚАУЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 2022 жылғы 28 сәуір

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Н.Ү.Қайыпжан, Б.Т.Нажмиденов болып,

талап қоюшының өкілі Б[...], жауапкердің өкілі Қ[...], мүдделі тұлғалардың өкілдері: А[...], Ә[...], Б[...], Д[...], Қ[...], Б[...],

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры Д[...] қатысуларымен, талап қоюшы «Түркістан облысының Ж[...] инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ж[...] инспекция) жауапкер Түркістан қаласының әкімдігіне, мүдделі тұлғалар А[...], Түркістан қаласының әкімдігінің «Түркістан қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Ж[...] қатынастары бөлімі), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Түркістан облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Азаматтарға арналған үкімет) Түркістан қаласының әкімдігінің қаулысын жарамсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 8 қарашадағы ұйғарымы мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 қарашадағы ұйғарымына талап қоюшының басқарма басшысы – бас мемлекеттік инспектор М[...] берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Ж[...] инспекциясы сотқа Түркістан қаласының әкімдігінің қаулысын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызбен жүгінген. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 8 қарашадағы ұйғарымымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138-бабының екінші бөлігінің 11) тармақшасы негізінде талап қою арызы қайтарылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 қарашадағы ұйғарымымен Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 8 қарашадағы ұйғарымы өзгеріссіз, талап қоюшының жеке шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Ж[...] инспекциясы кассациялық шағымында жергілікті соттармен іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспейтіндігін көрсетіп, олардың күшін толық жоюды, ал мүдделі тұлға - Ж[...] қатынастары бөлімі пікірінде талап қоюмен толық келісетіндігін, оны толығымен қанағаттандыруды сұраған.

Азаматтарға арналған үкімет кассациялық шағыммен келіспейтіндігін және Түркістан қаласының әкімдігінің қаулысы тиісті түрде тіркелмегендіктен, құжаттарды қылмыстық құрамының белгілерін анықтау үшін құқық қорғау органдарына жолдау қажеттілігі туралы пікір келтірген.

Талапкердің өкілі кассациялық шағымның уәждерін қолдаған түсінігін, жауапкер өкілінің кассациялық шағымға қарсы пікірін, мүдделі тұлғалар түсініктемелерімен танысып, прокурордың сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы №2818 санды А[...] қатысты жер бөлу туралы қабылданған қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) «Кентау өңірлік мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сақтауға түспеген.

Түркістан қаласы әкімі аппаратының 2014 жылғы қаулыларды тіркеу журналында 2818 санды нөмірде қаулы тіркелмегені және шықпағаны сотта белгілі болған. Тараптар қаулы тіркелмегенін және шықпағанын жоққа шығармаған.

Талап қою талап қоюшыға жергілікті соттар, ол әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтындықтан, өйткені Қаулы шығару барысында тиісті ішкі әкімшілік рәсім жасалмағанын, әкімшілік акт қабылданбағанын көрсетіп, қайтарған.

Соттардың аталған тұжырымға келулері дұрыс, өйткені, егер актіні қабылдау бойынша ешқандай рәсімдер жасалмаған болса, ол ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінің 11) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес, іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады, қайтарылуға жатады деп көзделген.

Оған қоса, ӘРПК-тің 4-бабының 1-бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет деген ұғым берілген.

Бұл ретте, осы Қаулы қабылданғанын мүдделі органдардың өкілдері жоққа шығаруына орай, оның әкімшілік актіге тән заңды күші, яғни, ол тиісті түрде қабылданбағандықтан, одан туындайтын құқықтық салдар да жоқ.

Сондықтан, соттардың талап қоюды қайтару туралы қорытындылары негізді, ал талапкердің талап қоюы ӘРПК-нің шеңберінде қаралуға жатады деген уәждері негізсіз.

ӘРПК-тің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, материалдардың, объектілердің, құжаттар мен мәліметтердің төлнұсқалығына күмән болған кезде әкімшілік орган, лауазымды адам олардың төлнұсқалығын өзі дербес тексеруге міндетті.

ӘРПК-тің 9-бабының 2-бөлігінде көзделгендей мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалар ӘРПК-де белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе айқындалмаған тұлғалар тобының бұзылған немесе дау айтылатын заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

Яғни, мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың, басқа тұлғалардың немесе айқындалмаған тұлғалар мүддесін қорғай алады.

Сот отырысында тараптар осы Қаулы аясында туындаған даудың қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері байқалатынын көрсеткен. Алайда олар, ешқандай ішкі тексеріс жүргізіп, осы факті бойынша тиісті органдарға жүгінбеген.

Осыған орай, жергілікті соттармен талапкерге анықталған мәнжайлар негізінде құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жүгіну қажеттігі орынды көрсетілген.

Іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.

Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 8 қарашадағы ұйғарымы мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 қарашадағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының басқарма басшысы – бас мемлекеттік инспектор М[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

С. Баймаханов

Судьялар

Н. Қайыпжан

Б. Нажмиденов

Көшірмесі дұрыс.

Судья

Б. Нажмиденов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.