6кп-67-22
2022 жылғы 7 қазан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) құрамында: төрағалық етуші - судья Н.Ө.Жолдасбеков, судьялар Б.Б.Шермұхаметов, М. Таймерденов, прокурор Т[...], әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға S[...]
қатысуларымен,
бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен M[...] қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
Алматы облысы Енбекшіқазақ аудандық сотының 2022 жылғы 16 маусымдағы қаулысымен M[...] ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот қаулысын қайта қарау көрсетілген.
Істі мәні бойынша қарамастан бұрын ұсыну кері шақыртылды. Осыған орай істі әрі қарай кассациялық тәртіпте қараудың негіздері жоқ.
Жоғарыдағылардың негізінде және ӘҚБтК-нің 848, 851-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған M[...] қатысты Алматы облысы Енбекшіқазақ аудандық сотының 2022 жылғы 16 маусымдағы қаулысын кассациялық тәртіпте қайта қарау үшін келтірген ұсынуы кері шақыртылуына байланысты қараусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Н. Жолдасбеков
Судьялар:
Б. Шермұхаметов
М. Таймерденов
Көшірмесі дұрыс
М. Таймерденов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.