ВС РК - Постановление от 22.07.2024 по делу 6001-24-00-3Г/3892 (Гражданское)

6001-24-00-3Г/3892 6001-24-00-3Г/3892(2)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 22 шілде

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Молдахметова Т.Ә.,

талап қоюшы Астана қаласы әкімдігінің сенімді тұлғасы «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) жауапкер М[...] өтемақы төлей отырып, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған,

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 16 қаңтардағы қаулысына Басқарманың, жауапкердің өкілі А[...] келтірген өтінішхаттарын алдын ала қарап

АНЫҚТАҒАНЫ:

Басқарма сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгінген.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 10 қарашадағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен шешім өзгертілген.

Шешімнің талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы бөлігінің күші жойылып, аталған бөлігінде талап қоюды ішінара қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған.

М[...] 157 731 722 (жүз елу жеті миллион жеті жүз отыз бір мың жеті жүз жиырма екі) теңге мөлшерінде өтемақы төленіп, Астана қаласы, Алматы ауданы, «Южный» жеке гараждар меншік иелерінің тұтыну кооперативі, № 01 гараж мекенжайында орналасқан кадастрлық нөмірі [...], жалпы ауданы 0,8812 га (0,3173 га үлесі) жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) жүргізілген.

Басқарма өтінішхатында даулы қаулыны өзгертіп, жауапкерге төленетін өтемақы мөлшерін 157 731 722 теңгеден 127 150 000 теңгеге дейін азайтуды сұраған.

Жауапкердің өкілі А[...] өтінішхатта, материалдық және процесстік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған апелляциялық қаулының күшін жойып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Анықталғандай, М[...] Астана қаласы, Алматы ауданында орналасқан, жалпы ауданы 0,3173 гектар, «Оңтүстік» № 01 гаражы жеке гараждар меншік иелерінің тұтыну кооперативі, [...] кадастрлық нөмірімен жер учаскесінің және онда орналасқан жылжымайтын мүлік объектінің иесі болып табылады. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – гаражды пайдалану.

Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 510-2202 қаулысына сәйкес, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Тәуелсіздік даңғылынан Т[...] көшесіне дейін орналасқан жалпы ауданы 0,8812 га жер учаскесі «Улица» объектісіне іздестіру жобалау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

Алынатын жер учаскесінің шекарасында М[...] тиесілі жер учаскесінің бір бөлігі орналасқан.

2022 жылғы 19 тамызда талап қоюшымен жауапкерге 0,3173 гектар жалпы ауданның 0,08811 гектар жер учаскесінің үлесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататыны туралы хабарлама жіберілген.

2023 жылғы 16 маусымда талап қоюшымен жауапкерге алынатын жер учаскесінің өтемі ретінде 127 150 000 теңге сомасында өтемақы ұсынылған. Жауапкер ұсынылған өтемақы сомасымен келіспеген.

Басқарма, талап қоюмен сотқа жүгініп, даулы жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды сұраған.

Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырымға, сарапшының жер учаскесінің қалдығында кадастрлық нөмірі [...] жалпы ауданы 0,22919 га (0,3173 га – 0,08811 га есебінен) ағымдағы қоршаған құрылыстың түбегейлі өзгеру себептері бойынша (көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтін) және Астана қаласының бас жоспарының сипаттайтын фактілерінен және басқа да ақпараттық құжаттардан айқындалатын нақты деректерді ескере отырып, гараж, бақылау-өткізу пункті, асхана, қақпа және басқалар түрінде мүлік объектілерінің белгілі бір параметрлері бар құрылыс объектісін салу мүмкін емес екендігін көрсетілген қорытындының негізінде келген.

Апелляциялық сот алқасы соттың бұл тұжырымымен келіспей, сұратылған жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады және де төленетін өтемақы мөлшері 157 731 722 теңгені құрайды деп шешкен.

Өтінішхат иелері аталған өтемақы мөлшерімен келіспей төмендегі уәждерді келтірген.

Басқарма, «ПК[...]» ЖШС-ің 2023 жылдың 31 қазанындағы №С.169-10.23 қортындысын негізсіз деп есептейді, өйткені салыстыруға құны қымбат жер учаскелерімен және үй құрылыстары, орналасқан жері алшақта орналасқан жер учаскелері салыстыруға пайдаланылған. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен бағалау стандартына сай келмейді. Сарапшы дәлелдеме ретінде салыстыруға алынған мүліктің сұралып отырған бағаға сатылғандығы туралы ешқандай құжат көрсетпеген.

«ЮЭОА[...]» ЖШС-гі мүліктің нарықтық құнын анықтаған кезде оның орналасқан жерін есепке ала отырып учаскесінің құнын, бақша үйінің, жапсырма құрылыстарының құнын, жасыл алаңдардың құнын ескере отырып, салыстырмалы әдісті қолдана отырып, нарықтың шынайы бағасын талдап зерттеу негізінде және Азаматтық кодекстің 257-бабының талаптарын ескере отырып мүлікті бағалады. Бұл бағалау есебі салыстырмалы әдіспен алынған, сатылымдар нарығындағы ұқсас қасиеттерді талдау арқылы анықталған, тұрғын үй ғимараттары мен жер учаскелерінің нарықтық құнын нақты көрсетеді. Басқарма осы бағалау есебін қабылдау қажет деп санайды.

Өз кезегінде жауапкердің өкілі, апелляциялық сатыдағы сот осы істі қарау кезінде және даулы қаулыны қабылдау кезінде жауапкер келтірген дәлелдер мен дәлелдемелерге тиісті құқықтық баға бермеген, апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін,алқамен істі қарау кезінде іс жүргізу және материалдық құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуына жол берілгенін (сот қолданылуға жатпайтын заңды қолданды және қолданылуға жататын заңды қолданбаған) көрсеткен.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне, 449-бабының 2-бөлігіне сәйкес, осы кодекстің 427-бабында көрсетілген материалдық және процестік заң нормаларының өрескел бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарауға негіз болып табылады. Кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесінде өтінішхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегінен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.

Өтінішхаттарда келтірілген уәждер, сот актісін қайта қарау үшін кассациялық сатыдағы сот отырысында қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді.

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 16 қаңтардағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаттар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының кассациялық сатыдағы азаматтық істер жөніндегі сот алқасына берілсін.

Қаулының көшірмесі өтінішхаттарды берген тараптарға жолдансын.

Судья

Т.Молдахметова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.