КСАД РК - Постановление от 09.04.2026 по делу 6003-25-00-4к/2949 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 9 сәуір №6003-25-00-4к/2949 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья М. А. Манабаева, судьялар Н. Е.Нуралыева, Е. Б. Тулеев, прокурор А.Е. Кадылбеков, талап қоюшылардың өкілі А.Е. Назарбекованың, жауапкердің өкілі А. М. Галимовтың қатысуларымен

талап қоюшы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы, «КННК Казахстан Б.В.» компаниясы, «ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.» компаниясы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясы, «TotalEnergies EP Kazakhstan» / «ТотальЭнерджиз ЭП Казахстан компаниясы, «КМГ КАШАГАН Б.В.» компаниясы, «ЭксонМобил Казахстан Инк.» корпорациясы, «Shell Kazakhstan Development B.V.» - «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» фирмасының (бұдан әрі - талап қоюшылар) жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - жауапкер, Департамент) 2025 жылғы 18 наурыздағы №№36, 38, 39, 40, 41, 42 және 2025 жылғы 19 наурыздағы №37 нұсқамаларды заңсыз деп тану, күшін жою туралы,

Астана қалалық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысына жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымдарымен түскен әкімшілік істі қарап

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшылар жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

2025 жылғы 27 мамырдағы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Астана қалалық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 27 мамырдағы шешімінің күші жойылып және іс бойынша жаңа шешім қабылданды.

Кассациялық шағымдарда жауапкер апелляциялық соттың сот актісін күшін жоюды сұраған.

Шағым уәждерін толық қолдаған жауапкер өкілінің, апелляциялық соттың сот актісімен келіскен талап қоюшының өкілінің түсініктерін, прокуродың қортындыс--ын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 152бабының 1,2-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру:

осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты салықтық өтінішті;

қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салық төлеушіге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі. Тексерілетін кезеңге:

салық төлеуші осы Кодекстің 432-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданылуына байланысты салықтық өтініште көрсеткен;

егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация тапсырылған салықтық кезеңді қоса алғанда, салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезеңнен бастап салықтық кезең кіреді.

Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы тармақта көрсетілген тексерілетін кезеңге салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезеңдер де кіреді.

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар, осы Кодекстің 434-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін тексерілетін кезеңге қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы қойылған салықтық кезең кіреді.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 148-бабының 1, 2-тармақтарымен анықталғандай, салықтық тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі, онда мынадай мәліметтер:

  1. нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірі;

  2. нұсқама шығарған салық органының атауы;

  3. салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы;

  4. сәйкестендіру нөмірі;

  5. тексерудің нысаны мен түрі;

  6. тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

  7. салықтық тексеруді жүргізу мерзімі;

  8. хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, тексерілетін кезең қамтылуға тиіс.

Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада:

  1. осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалған кезде аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 7) және 8) - тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1- тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәлiметтер;

  2. осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) - тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 19) - 23) - тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер;

  3. осы тармақтың 1) және 2) - тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Сотта келесі анықталды.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 желтоқсандағы № 1215 қаулысымен Қазақстан Республикасы мен «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттiк компаниясы, «Аджип С. п. А.», «Бритиш Газ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед», «БиПи Эксплорейшн Оперейтинг Кампани Лимитед Альянсымен» және «Ден Норске Статс Ольеселскап а. с.» (бiрлесiп жұмыс iстейтiн), «Мобил Ойл Қазақстан Инк.», «Шелл Эксплорейшн Би. Ви.», «Тоталь Эксплорейшн Продакшн Қазақстан» арасындағы Консорциум туралы Келiсiм бекiтiлген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1569 қаулысымен бекітілген 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы Қазақстан Республикасымен жасалған Келісімнің (бұдан әрі - ӨБК) қатысушылар «КННК Казахстан Б.В.» компаниясы, «ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.» компаниясы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясы, «TotalEnergies EP Kazakhstan» / «ТотальЭнерджиз ЭП Казахстан компаниясы, «КМГ КАШАГАН Б.В.» компаниясы, «Shell Kazakhstan Development B.V.» - «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» фирмасы, «ЭксонМобил Казахстан Инк.» корпорациясы(барлығы бірге - Мердігер, жекежеке - Мердігерлік компания) шетелдік компаниялардың консорциумы, яғни осы іс бойынша талап қоюшылар болып табылады. Талап қоюшылар Қазақстанда инвестициялық қызметті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 274бабына сәйкес филиалдары арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 3 шілдедегі № 1050а қаулысымен консорциумға консорциумның ең төменгі қаржылық міндеттемелерін, сондай-ақ қазақстандық мердігерлер мен жергілікті жұмыс күшін пайдалану жөніндегі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқыту және даярлау жөніндегі міндеттерді көздейтін Каспий теңізінің қазақстандық секторында лицензиялық аумағы шегінде көмірсутек шикізатын барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия берілген.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы (бұдан әрі - НКОК) Нидерланды Корольдігінің заңнамасына сәйкес ұйымдастырылып және Сауда палатасының сауда тізілімінде № 27166810 болып тіркелген, қызмет түрі - шикі мұнай және табиғи газ өндіру.

2008 жылғы 31 қазандағы № 2833 Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі атынан талап қоюшылар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған ӨБК-ге екінші қосымша шарттың ережелері бойынша Оператор болып «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» тағайындалған.

2015 жылғы 13 маусымнан бастап ӨБК-нің 7.1 бабына сәйкес құқықтық мирасқорлық тәртібімен ӨБК шеңберінде Оператор болып НКОК табылады.

ӨБК-нің ХII бабының 12.1-тармағына сәйкес Мердігермен тағайындаған Оператор Мердігер мен Мердігер компанияларының барлық құқықтарға, артықшылықтарға, шартсыз және дискрециялық өкілеттіктерге ие бола тұра, оның атынан әрекет етеді.

Инвесторлар мен мемлекеттік кірістер органы арасындағы дау ӨБК шеңберінде жүзеге асырылатын талап қоюшылардың қызметіне салық салу мәселесі бойынша туындағанын ескере отырып, сот инвестициялық дау белгілерінің болуы туралы қорытындыға келді және осы істі ӘРПК-нің 102бабының 3-бөлігінде көзделген соттылық қағидалары бойынша қараған.

Кез келген мердігер компания (талап қоюшылар) үшін ӨБК бойынша қызметке қатысты салық салу шарттары (салық режимі) консорциум келісімінің негізінде және 1997 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қолданылып жүрген республиканың салық заңнамасының тиісті ережелерінің негізінде ӨБК-нің 28бабымен, Х қосымшасымен (Салық әдіснамасы) регламенттелген.

Салық кодексінің 17-бабында Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде салық қатынастарына оператор арқылы қатысуы регламенттелген. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға оператор арқылы қатысуға құқылы.

Осыған байланысты НКОК компаниясы мердігер компаниялармен қатар осы іс бойынша талап қоюшы болып табылады.

    • Сотта сондай ақ келесі мән жайлар анықталды. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы, «КННК Казахстан Б.В.» компаниясы, «ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.» компаниясы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясы, «TotalEnergies EP Kazakhstan»/ «ТотальЭнерджиз ЭП Казахстан компаниясы, «КМГ КАШАГАН Б.В.» компаниясы, «ЭксонМобил Казахстан Инк.» корпорациясы, «Shell Kazakhstan Development B.V.» - «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» фирмасы филиалдарымен (әрі қарай - талап қоюшылар, мердігер компаниялар) 2024 жылдың 4 - тоқсанындағы ҚҚС бойынша декларацияларда көрсетілген ҚҚС асып кетy сомасын қайтару туралы талаптары берілген.

2024 жылғы 4 тоқсанда Кашаған жобасының мердігер компаниялардың артық ҚҚС сомаларын қайтару туралы талаптарына сәйкес жалпы 23 993 341 АҚШ доллары немесе 12 007 860 679 теңге сомасында ҚҚС-тың қайтарылуын талап еткен.

Департамент2024 жылғы 4 - тоқсандағы талаптар негізінде Кашаған жобасының мердігер компанияларына тақырыптық тексерулер тағайындалған кезде бұрын тексерілмеген 2024 жылғы 3 тоқсан да тексеру кезеңіне қосылып, 2025 жылғы 18 наурызда №№36, 38, 39, 40, 41 және 42 және 2025 жылғы 19 наурызда №37 нұсқамалар шығарған (әрі қарай - даулы нұсқамалар).

Сонымен қатар, Департамент аталған нұсқамалармен қатар 2024 жылғы

3 және 4 - тоқсандар бойынша тексеруге қажетті құжаттарды ұсыну туралы салық органының талаптарын/хабарламаларын және құжаттарды жинау үшінтексеру мерзімін тоқтата тұру туралы хабарламаларды ұсынған.

Бірінші сатыдағы сот істің мән-жайы бойынша дауды қарап, сотта анықталған жағдайларды ескеріп, дауланып отырған нұсқамалардың Салық кодексі, Қағиданың талаптарына қайшы келмейтіндігін анықтап, талап қоюшылардың талабы қанағаттандырылуға жатпайды деген қорытындыға келген.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың осындай тұжырымы негізсіз деп санады.

Кассациялық сот апелляциялық сатыдағы соттың бұл тұжырымдары заңды және негізді деп санайды.

Даулы нұсқамалар құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасында тіркелген, нұсқамалардың нысаны, мазмұны Салық кодексінің 148-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес келеді.

Салық органының даулы нұсқамаларда тексеру кезеңі 2024 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығын көрсеткен әрекеті Салық кодексінің 152бабының 2-тармағына сәйкес келеді, себебі онда көрсетілген тексерілетін кезеңге салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезеңдерді қамтыған.

2024 жылғы 3 - тоқсанда талап қоюшыларға қатысты артық ҚҚС қайтару бойынша тақырыптық салықтық тексеріс жүргізілмеген. ҚҚС асып кетуі бюджеттен қайтарылатын сома, сондықтан олардың анықтығын растау мақсатында даулы нұсқамалар Департаменттің әкімшілік қалауы бойынша қолданыстағы салық заңнамасы шеңберінде шығарылған.

Даулы нұсқамалармен талап қоюшылардың заңды мүдделері, құқықтары бұзылмаған, тақырыптық салықтық тексеріс нәтижелері бойынша талап қоюшыларға ауыртпалық салатын немесе құқықтарын шектейтін, бұзатын түпкілікті әкімшілік акт қабылданбаған, салық органы тек даулы нұсқамалар негізінде тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды сұрату туралы хабарлама ұсынған.

Даулы нұсқамалар жауапкердің құзыреті және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған.

Кассациялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың жауапкердің іс - әрекеттерінің заңдылығына және даулы хабарламаға қатысты шешімінің негізсіздігі туралы апелляциялық алқаның тұжырымдарын дұрыс деп санайды.

Салық кодексінің 152 - бабының 2 - тармағына сәйкес осы Кодекстің 434-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) - тармақшасында көрсетілген (кемінде қатарынан 12 ай салықтық мониторингте тұрған ҚҚС төлеушілер) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдану құқығына ие салық төлеушілер үшін тексерілетін кезеңге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қойған салық кезеңі енгізіледі, ол қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі (3-бөлігі (соңғы абзац).

Сотта талап қоюшылар ірі салық төлеушілерді мониторингке жататын салық төлеушілер тізімінде 12 айдан астам уақыт бойы тұрғандығы және апелляциялық сот алқасының сұрауы бойынша талап қоюшылардың ұсынған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1290 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 798 бұйрығымен тікелей расталады.

Осы ретте Салық кодексінің жоғарыда аталған нормасы салық төлеуші ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қоймаған салық кезеңін, атап айтқанда 2024 жылғы 3 - тоқсанды, тексерілетін кезеңге енгізуі жауапкердің әкімшілік қалауының шегінен шыққандығын және талап қоюшылардың талабында көрсетілмеген тексерілетін кезеңге заңсыз қосқандығын дәлелдейді. ӘРПК-тің 4-бабы 1-бөлігінің 6) - тармақшасына сәйкес әкімшілік қалау - әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі.

Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімдерді өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне - - - сәйкес жүзеге асырады (ӘРПК тің 7 бабының 1 бөлігі). ӘРПК-нің 11-бабының 1, 2-бөліктеріне сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте әкімшілік қалауды жүзеге асыруға міндетті. Әкімшілік актіні қабылдау және (немесе) әкімшілік әрекетті (әрекетсіздікті) жасау әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде осы өкілеттіктің мақсатына сәйкес келуге тиіс.

Алайда жауапкер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 152бабының 2 - тармағының талаптарын бұза отырып, тақырыптық салықтық тексеру жүргізу туралы даулы нұсқамаларға 2024 жылғы 3-тоқсан кезеңін дұрыс қоспай, салық төлеушілермен қойылған талаптардың және тексеру мәнінің шеңберінен, сондай-ақ заңмен белгіленген өкілеттігінің шегінен шыққан.

Бұл дәлел шартсыз сипатқа ие және 2024 жылғы 3 - тоқсанның қайтарылатын кезеңге қатысты байланысының бар-жоғын зерттеуді қажет етпейді. Сондықтан осы негіздер даулы нұсқамаларды заңсыз деп тануға және оның күшін жоюға негіз болды.

ӘРПК-нің 156-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот егер талап қоюшының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіге дау айту туралы талап қою негізді болып табылса және сот оның заңсыздығын таныса, онда ол толық немесе қандай да бір бөлігінде оның күшін жояды. Бірінші сатыдағы сот іс бойынша шешім қабылдағанда заң нормалары талаптарының бұзылуына жол берген.

Бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық және дұрыс анықтамаған, материалдық заң нормаларын дұрыс қолданбаған, келтірілген дәлелдерге дұрыс баға бермеген.

Аталған жағдайда, апелляциялық сот алқасы АПК-тің 427 - бабы 1- бөлігінің 4) тармақшасы бойынша сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз бар деген тұжырымға дұрыс келді.

Бірінші сатыдағы сот материалдық құқық нормаларын бұзуға жол бергендіктен және іс бойынша анықталған мән-жайларға берген қате тұжырымдарымен келіспей, апелляциялық сатыдағы сот соттың шешімін бұзып, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды жөн деп дұрыс санады.

Істің егжей-тегжейлі мән-жайлары, апелляциялық сатыдағы соттың негіздемелері сот актісінде толық көрсетілген. Соттың қорытындылары іс бойынша анықталған нақты мән-жайларға және материалдық кұқық нормаларына негізделген.

Сондай-ақ, апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот шешімін бұзу және талап арызды қанағаттандыру туралы тұжырымдары заңды және негізді. АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актісінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымдарда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Жауапкердің сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.

Баяндалғанның негізінде және ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Астана қалалық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Жауапкердің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

М.А.Манабаева

Төрағалық етуші

Судьялар

Н.Е.Нуралыева

Е.Б.Тулеев

⚠️ Текст документа получен на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.