ВС РК - Постановление от 20.02.2025 по делу 6001-24-00-6ап/2599 (Административное)

№6001-24-00-6ап/2599

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 20 ақпан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып,

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының прокуроры Н.А.Молдахановтың,

жауапкердің өкілі М.М.Калдаровтың,

мүдделі тұлғаның өкілі Н.Р.Егизекованың қатысуыларымен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «СК РИЗАЛИТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент), «Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма), «Сарыағаш ауданының тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға және мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындылары туралы хаттамаға дау айту туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 26 маусымдағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 шілдедегі қаулысына талап қоюшының өкілі А.А.Сайджаппаровтың келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Серіктестік жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 26 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшының өкілі кассациялық шағымында жергілікті соттардың іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, бірінші сатыдағы сот шешімі мен апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жоюды сұраған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, тиісті түрде хабарланған тараптардың сотқа келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Сот алқасы кассациялық шағым бойынша іс құжаттарын зерттеп, тараптардың пікірлерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген. Соттармен анықталғандай, Басқарманың ұйымдастыруымен «Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша қызмет» ашық конкурсы №11261441-2 лоты бойынша мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.

Аталған конкурс бойынша талап қоюшы 2024 жылғы 13 наурыздағы конкурс қорытындысымен жеңімпаз деп танылған.

Мүдделі тұлға «Қабылан эксперт» ЖШС-ы қорытындылар туралы хаттамамен келіспей, Департаментке шағым келтірген.

Аудит Департаментімен әлеуетті өнім берушілердің шағымы негізінде камералдық бақылау жүргізіліп, тексеру нәжижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2024 жылғы 23 сәуірде №611010000-4-5284126 хабарламасы қалыптастырылған.

Хабарламаны орындау мақсатында Басқармамен конкурс қорытындысы қайта қаралып, нәтижесінде 2024 жылғы 10 мамырдағы №12340852 қорытындылар туралы хаттамасымен «Қабылан эксперт» ЖШС-ы жеңімпаз деп танылып, Серіктестік екінші орынды иеленген.

Серіктестіктің даулы хабарламалар мен конкурс қорытындыларына келтірген шағымына «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінен жауап түспеген. Серіктестік сотқа жүгініп, даулы хабарламаны және 2024 жылғы 10 мамырдағы конкурс қорытындылары хаттамасын заңсыз деп танып күшін жоюды сұраған.

Жергілікті соттар, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, техникалық ерекшелікте сұратылмаған құжаттарды ұсынбау әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға негіз болып табылмайды деп дұрыс көрсеткен.

Себебі конкурстық құжаттамаға (техникалық ерекшелік) 15қосымшаның 21-тармағында әлеуетті өнім берушілерге инжинирингтік қызметтер көрсету үшін Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті қоса беру және техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптармен танысу қажет екендігі көрсетілген.

Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші «Қабылан Эксперт» ЖШС-і өтінім құрамында тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін техникалық ерекшелікті ұсынған.

Тапсырыс беруші тарапынан техникалық ерекшелікте қосымша файлдарды ұсыну бойынша әлеуетті өнім берушілерге қосымша талаптарды белгілемеген. Яғни, Техникалық ерекшеліктің 21 -тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті қоса беруі және техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптармен танысу ғана қажет.

Сондықтан, Серіктестіктің «Кабылан Эксперт» ЖШС-і конкурстын талаптарын сақтамай, тек 1 құжат ғана жүктеп, ал жүктеуге міндетті болған 3 қосымша құжаттарды жүктемеген деген уәждерін соттар негізсіз болып табылады деп көрсеткен, себебі техникалық ерекшеліктің 21-тармағында техникалық ерекшелікті қоса беру және техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптармен танысу қажет екендігі ғана көрсетілген, яғни қосымша құжаттар ұсыну талаптары қойылмаған.

Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай. Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.

Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.

Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 26 маусымдағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының өкілі А.А.Сайджаппаровтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

С. Баймаханов

Е. Өмірәлиев

Ш. Даниярова

Көшірмесі дұрыс. Судья

Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.