Қ А У Л Ы
2025 жылғы 24 желтоқсан №6003-25-00-2к/4095 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшының өкілі Н.Қуандықұлының қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының жауапкер Бахыт Шакуалиевич Байжановтан даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар «Нұрәмірхан» жеке кәсіпкері атауымен әрекет етуші М.Мәделханұлына, жеке сот орындаушысы Айгуль Болатбековна Куракбаеваға, жеке сот орындаушысы Өміртай Молдалыұлы Көбекбаеваға берешекті кепілдегі мүліктен өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2025 жылдың 11 ақпанындағы шешіміне және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 сәуірдегі қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
«Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – акционерлік қоғам, банк) жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2025 жылдың 11 ақпанындағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Кассациялық шағымда акционерлік қоғам бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете келе, сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Сот, шағым уәждерін және іс құжаттарын зерделеп, талап қоюшы өкілінің түсіндірмесін тыңдап, келесі негіздермен шағым қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді.
2022 жылғы 15 қарашасында банк пен үшінші тұлға «Нұрәмірхан» жеке кәсіпкері атауымен әрекет етуші М.Мәделханұлының №KZA/2022/I/L/027928 қосылу туралы өтініш (бұдан әрі - банк қарыз шарты) жасалып, соңғыға 15 000 000 теңге пайдалану мерзімі 36 айға қарыз берілген.
Банк қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін банкке 2022 жылдың 15 қарашасындағы №KZA/2022/W/P/01747 жауапкер Б.Байжановтың жеке меншік құқығымен
тиесілі тұрғын үйді кепілге беру шартына сай, Қызылорда қаласы, Сауран көшесі, № 4 мекен-жайдағы тұрғын үй кепілге алынған.
«Global Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №ПР/1 бағалау есебіне сәйкес, кепіл мүлкінің нарықтық құны 24 036 170 теңге.
2024 жылғы 1 қарашасындағы №00673-006336/415 атқарушылық жазба бойынша қарыз алушы үшінші тұлға «Нұрәмірхан» жеке кәсіпкері атауымен әрекет етуші М.Мәделханұлынынан банктің пайдасына 11 705 560 теңге қарыз өндірілген.
2024 жылдың 25 шілдесіндегі №6336 атқарушылық жазбаға сай, кепілгер Б.Байжановтан банктің пайдасына 11 697 438 теңге өндірілген.
Аталған атқарушылық жазбалар дауланбаған, ол бойынша атқарушылық іс жүргізу қозғалған.
Бірінші сатыдағы соты іс бойынша шешім қабылдау барысында жауапкердің отбасылық жағдайын, оның талап қоюшы алдындағы міндеттемесін орындап жатқандығын, несие шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімі аяқталмағандығын, несие алушының атында жылжитын мүліктің болуын ескеріп, талап қоюшының кепілдегі мүліктен берешекті өндіру туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылуға жатады деген тұжырымға келген.
Апелляциялық сот алқасы бірінші саты сотының тұжырымен келісіп, дауланып отырған мүлік кепiл берушiнiң иелiгiнен шықпағанын, ауыстыру ережелерi бұзылмағанын, жоғалмағанын, кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын үшінші бір тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша кепіл берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алу туралы мәліметтер жоқ екенін, даулы мүлік зейнеткер болып келетін жауапкердің жалғыз баспанасы екенін, кепілгердің зейнетақысынан 229 440 теңге өндірілгенін, негізгі қарыз алушы «Нұрәмірхан» жеке кәсіпкері атауымен әрекет етуші М.Мәделханұлының атына тіркелген 2003 жылы шыққан, «КАМАЗ 54115N» үлгісіндегі, мемлекеттік тіркеу белгісі «594 AAW 11», VIN-коды XTC54115N32188268 автокөліктен берешекті өндіруіне құқығы бар екенін негізге алған.
әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 317-бабы 1-тармағының талабына сай, борышкер өзi жауап беретiн кепiлмен
қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес, егер борышкердің кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн.
Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбастан) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрағанда;
кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болғанда, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзу болмашы және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепiлге салынған мүлiктiң құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.
АК-нің 318-бабы 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушының талаптарын кепілге салынған мүліктің құнынан қанағаттандыру, егер осы Кодексте және басқа заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Кепіл шартының 3.1.6. тармағына сәйкес, талап қоюшы кепіл ұстаушы ретінде қарыз алушы тарапынан кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде оны кепіл нысанасының құнынан өндіруге құқылы.
Жоғарыда аталған несие шарты бойынша берілген 15 000 000 теңге несиенің қайтарымын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 15 қарашада несие беруші банк пен кепіл беруші Б.Байжановтың арасында, соңғыға тиесілі Қызылорда қаласы, Сауран көшесі, № 4 мекен-жайдағы тұрғын үйді кепілге беру туралы шарты жасалып, тіркелген.
Несие алушы 2022 жылғы 15 қарашадағы несие шарты бойынша қарызды қайтару туралы міндеттемесін бұзған.
«Global Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №ПР/1 бағалау есебіне сәйкес, кепіл мүлкінің нарықтық құны 24 036 170 теңге.
2024 жылғы 1 қарашасындағы №00673-006336/415 атқарушылық жазба бойынша қарыз алушы үшінші тұлға «Нұрәмірхан» жеке кәсіпкері атауымен әрекет етуші М.Мәделханұлынынан банктің пайдасына 11 705 560 теңге қарыз өндірілген.
2024 жылдың 25 шілдесіндегі №6336 атқарушылық жазбаға сай, кепілгер Б.Байжановтан банктің пайдасына 11 697 438 теңге өндірілген.
2024 жылғы 1 қарашаға несие алушының банк алдындағы қарызы
11 705 560 теңге.
Талап қоюшы жауапкерге 2023 жылғы 24 шілдеде дауды сотқа дейін реттеу мақсатында хабарлама жолдаған.
Нәтиже болмаған соң, 2024 жылғы 5 қарашада банк сотқа қарызды кепіл жылжымайтын мүліктен өндіру туралы талап қоюымен жүгінген.
Жергілікті соттар істі негізінен қарау барысында, қарыз шарты бойынша орындау мерзімі аяқталмағанын, кепіл мүлкі жауапкердің жалғыз баспанасы екенін, несие алушының басқада мүліктерінің бар екенін ескеріп, талап қоюдың бұл бөлігін қанағаттандырудан бас тартқан.
Алайда, сот жергілікті соттар істің мән-жайларын дұрыс анықтап, материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберген.
Несие алушы және кепілгермен қарызды қайтару міндеттемесі бір жылдан астам уақыттан бері тиісті түрде орындалмаған. Қарыз сомасы 11 705 560 теңгені, ал кепілге салынған мүліктің нарықтық құны 24 036 170 теңгені құрайды, яғни берешек сомамен салыстырғанда қарыз кепіл мүлкінің нарықтық құнының 10 пайызынан жоғары және міндеттеме алты айдан астам уақыт тиісінше орындалмаған. Осы мән-жайларға байланысты сот АК-нің 317бабы 2-тармағы негізінде кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тарту мүмкін емес деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, жергілікті соттардың қарыз соманы несие алушының баспанасынан басқа мүлкінен өндіру мүмкіндігі бар екені туралы тұжырымы орынсыз, себебі жоғарыда аталған материалдық құқық нормалары мен шартқа сәйкес, міндеттеме тиісті түрде орындалуға жатады. Бұл ретте, кепіл шартымен несие алушы қарызды қайтару міндеттемесін орындамаған және тиісті орындамаған жағдайда, қарыз кепіл мүлкінен өндірілетіні көзделген.
Сот, жауапкердің қалыптасқан қарыз сомасын өтемегендігін, кепіл беруші ретінде міндеттемені орындаудан босатуға негіз болып табылатын мәнжайлар анықталмағанын ескере отырып, талап қоюшының кепілге қойылған мүлік құнының есебінен қарыз сомасын өндіріп алу туралы талабы негізді деген қорытындыға келді.
Істің мұндай тұрғысында шешім және қаулының күші жойылып, талап қою қанағаттандыруға жатады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2025 жылдың 11 ақпанындағы шешімі және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 сәуірдегі қаулысының күші жойылып, талап қоюшы «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының талап қоюын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылсын.
Нұрәмірхан Мәделіханұлының «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының алдындағы 11 705 560 (он бір миллион жеті жүз бес мың бес жүз алпыс) теңге қарызы Бахыт Шакулиевич Байжановтың меншік құқығымен тиесілі Қызылорда қаласы, Сауран көшесі, 4-үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық №10-156-013-1389) тұрғын үй мен жер учаскесі кепіл мүлкінен бастапқы сату бағасы 24 036 170 (жиырма төрт миллион отыз алты мың жүз жетпіс) теңге мөлшерде белгілене отырып, өндірілсін.
Жауапкер Бахыт Шакулиевич Байжановтан талап қооюшы «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының пайдасына мемлекеттік бажға төленген 2 829 (екі мың сегіз жүз жиырма тоғыз) теңге шығыны өндірілсін. Кассациялық шағым қанағаттандырылсын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.