Evaluation Only. Created with Aspose.Words. Copyright 2003-2015 Aspose Pty Ltd.
6001-21-00-3г/4519 6001-21-00-3г/4519(2)
Қ А У Л Ы
2021 жылғы 25 қазан
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Қ.Сұлтанов,
талап қоюшы жеке кәсіпкер А[...] (бұдан әрі – ЖК А[...]) жауапкер «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не (бұдан әрі – Мекеме) конкурс коммиссиясының тексеру нәтижесін заңсыз деп тану туралы талабымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы Мекеменің және үшінші тұлға «С[...]» жеке кәсіпкердің (бұдан әрі – ЖК С[...]) келтірген өтінішхаттарын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
ЖК А[...] тұрақты тасымалдауға қызмет көрсету жөніндегі 2021 жылғы 15 қаңтардағы №33 конкурс комиссияның тексеру нәтижесін және 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 34 конкурс хаттамасында көрсетілген №1 лот «Ақтау-Қызылтөбе 2-Ақтау» маршруты бойынша тасымалдауға қызмет көрсету конкурсінің нәтижесін заңсыз деп тану туралы талабымен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылы 2 сәуірдегі шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап қою арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған.
Мекеме және ЖК С[...] өтінішхаттарында апелляциялық сот алқа қаулысымен келіспей, соттың материалдық және процестік құқық нормаларын бұзуға жол бергенін көрсетіп, дауланған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұрайды.
Іс құжаттарын және өтінішхаттардың уәждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты өтінішхатты кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін беру керек деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс материалынан анықталғандай, Мекеме 2020 жылғы 16 желтоқсанында жолаушылар мен багажды автомобильмен ішкі облыстық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру берген.
Хабарландыруда барлығы 3 лот бойынша конкурс жарияланған.
Оның ішінде ауданаралық ішкі облыстық «Ақтау – Қызылтөбе-2 - Ақтау» маршруты бойынша №1 лоты қарастырылған.
Аталған лот бойынша ЖК А[...] пен ЖК С[...] қатысқан. Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын (бұдан әрі – Қағида) бекіту туралы № 349 бұйрығында көрсетілген талаптарына сәйкес өткізілген. Конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сай, 2021 жылғы 15 қаңтарда конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республика ішкілік тұрақты тасымалдау маршруттарының негізгі сипаттамаларына сәйкес, автобустардың автоматты түрде ашылатын екі жолаушы есігі бар, 19-86 орны бар қалалық типті болуы тиіс.
ЖК А[...] конкурстық ұсынысында [...] автобусының орындықтар санын 23 деп көрсеткен болатын.
2021 жылғы 19 қаңтардағы Комиссия отырысының №34 хаттамасына сәйкес жалпы конкурс барысында ЖК А[...] құжаттары мен жылжымалы құрамынан 2 бұзушылық анықталған: 1) мемлекеттік белгісі [...] автобусының қалалық №5 маршрутының негізгі құрамындағы көліктер қатарында болуы;
- мемлекеттік белгісі [...] автокөлігі салонында жолаушы отыратын 22 орындықтың барлығы, яғни 1 орындықтың жетіспейтіндігі (негізі 23 орындық болуы қажет). Ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерінің нақты және толық еместігіне байланысты Қағиданың 176-тармағының 1 және 2- тармақшаларына сәйкес ЖК А[...] өтінішін қараудан бас тартылған. 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 34 хаттамасы қорытындысы бойынша ЖК С[...] жеңімпаз болып танылды.
ЖК А[...] конкурс өткізу кезінде заң бұзушылықтарға жол берілгенін, көрсетілген автокөліктің салонында 1 орындықтың жетіспеуі бойынша Мекемеге конкурс нәтижелері шыққанға дейін толық ақпарат беріп, бір орындықтың қалпына келтірілгенін, конкурс талаптарына сәйкес автобустардың автоматты түрде ашылатын екі жолаушы есігі бар, қалалық типті 19 орындықты болуы керектігі көрсетілгенін, бұл автобустың өзінің
маршрутында тұрақты жүргенін көрсетіп, Комиссияның шешімдерімен келіспей конкурс нәтижесін сотта даулаған.
Қағиданың 176-тармағының 1 және 2-тармақшаларына сай ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес келмеуі және (немесе) толық еместігі; ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерінің нақты еместігіне байланысты тасымалдаушыға өтінішті қараудан бас тартылады.
Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырудан бас тартып, Мекемемен жарияланған «Ақтау - Қызылтөбе-2 - Ақтау» маршруты бойынша жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдауға қызмет көрсету құқығына қатысты конкурстың Қағида талаптарына сай жүргізілгендігі туралы тұжырымға келген.
Апелляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісіпей, [...] автокөлігі салонында жолаушы отыратын 1 орындықтың жетіспеуі бұзушылық болып табылмайды, өйткені конкурстық құжаттамада 19-86 орны бар деп көрсетілген. Талап қоюшы конкурс алдындағы комиссияның нәтижесі шыққанға дейін жолаушылар орындарын қалпына келтірген.
Сонымен қатар, Мекеме тарапынан мемлекеттік белгісі [...] автобусының №5 маршрут тасымалдаушысы ЖК Б[...] арызы бойынша негізгі құрамға қосылғандығы дәлелденбеген деп көрсеткен.
Керісінше, іс құжаттарымен Б[...] көрсетілген автокөлікті №5 маршруттың негізгі құрамға қосу арқылы куәлікті өзгерту туралы арызын бермегендігі дәлелденген.
Өтініш беруші апелляциялық сатының жоғарыда көрсетілген тұжырымы негізсіз деп санап, келесі дәлелдерді келтіреді. Қағиданың 170-тармағының 4 тармақшасына сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi жылжымалы құрам ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiлмейдi.
Алайда, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы 14 қантардағы №04-17-41-1 хатына сәйкес конкурсқа ЖК А[...] тарапынан негізгі құрам ретінде ұсынылған «Паз» маркалы мемлекеттік белгісі [...] автобусы, жеке кәсіпкер Б[...] ұсынған Ақтау қалалық №5 маршруттың негізгі құрамындағы көліктер қатарында бар екендігі және қызмет көрсету Куәлігіне енгізілгені анықталған. Мекеме басшысы Қ[...] куәлігі көшірмесіне сәйкес қалалық №5 маршрутына берілген қызмет көрсету мерзімі 2021 жылғы 29 желтоқсанына дейін жарамды.
Апелляциялық сатыдағы сот ұсынылған ресми құжаттағы мәліметтерін белгісіз себептермен назарға алмай, оларды күмән келтіру арқылы негізсіз жоққа шығарып, заң талаптары өрескел бұзған.
Өтінішхаттарда дау айтылған сот актісін қайта қарау үшін келтірген негіздер бар болуына орай, өтінішхаттарды іспен бірге азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін беру қажеттігін ескере отырып, АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарауға берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысушыларға жолдансын.
Судья Н.Сұлтанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.