Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 27.01.2026 по делу 6003-25-00-2к/3862 (Гражданское)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 27 қаңтар №6003-25-00-2к/3862 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Ж.К.Рустембеков,

судьялар Л.Б.Мамырбаева, В.Е.Тохтарбаева, талап қоюшының сенімді өкілі М.Баялиевтің, жауапкер А.И.Ертаевтің, жауапкер «Сарыағаш қаласы әкімдігі» ММ-нің сенімді өкілі А.М.Оразалиеваның,

жауапкер Азаматтарға арналған үкімет КЕ АҚ МК-ның Түркістан облысы бойынша филиалы Сарыағаш ауданы жер кадастры және тіркеу бөлімшесінің жерге орналастыру бөлімінің сенімді өкілі Н.Оразымбетовтың, «Сарыағаш ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ-нің өкілі Б.Н.Жандардың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Асылхан Бахтиярович Келимбетовтің жауапкерлер Любовь Викторовна Денисоваға, Алтынай Камы сбековна Ертаеваға, Арман Ертаевқа, «Сарыағаш қаласының әкім дігі» ММ-не, «Сарыағаш ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ-не, «Сарыағаш аудандық құрылыс және сәулет бөлімі» ММ-не, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалына Сарыағаш қаласы әкімінің шешімін заңсыз деп тану, жер учаскесіне берілген актілерді жарамсыз деп танып, тиесілі емес жер учаскесіне салынған қораны және қоршауын бұзу туралы талап қоюы жөніндегі электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшы өкілінің Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысына, осы соттың 2025 жылғы 11 наурыздағы ұйғарымына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АПК-нің 126, 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТТІ:

Талап қоюшы өкілі М.М.Баялиевке Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 наурыздағы ұйғарымына кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.

Талап қоюшы өкілі М.М.Баялиевке Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысына кассациялық шағым беру мерзімін қалпына келтіруден бас тартылсын. Кассациялық шағым осы бөлігінде қараусыз қалдырылысын.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 наурыздағы ұйғарымының күші жойылсын.

Азаматтық іс Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот а лқасына АПК-нің 55-тарауына сәйкес жаңадан ашылған мән-жа йлар бойынша қарауға жолдансын.

Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші, судья: Ж.Рустембеков

Судьялар: Л.Мамырбаева

В.Тохтарбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.