ВС РК - Постановление от 11.12.2023 по делу 6001-23-00-3Г/6264 (Гражданское)

6001-23-00-3г/6264

Қ А У Л Ы

2023 жылғы 11 желтоқсан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж. Айтжанов талап қоюшы А[...] жауапкер «Фридом Финанс кредит» микроқаржы ұйымы» ЖШС-не, «FD Collection» Коллекторлық агенттік» ЖШС-не микрокердит беру жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 3 шілдедегі шешіміне, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысына «Фридом Финанс кредит» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің келтірген өтінішхаты бойынша электрондық азаматтық іс материалдарын алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

А[...] «ФРИДОМ ФИНАНС Кредит» микроқаржы ұйымы» ЖШС-не 2022 жылғы 25 сәуірдегі №SULPAK4495935 микрокредит беру шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 3 шілдедегі шешімімен талап қоюы ішінара қанағаттандырылған. Аталған шарт жарамсыз деп танылған.

Сот шығындары туралы мәселе шешілген.

Талап қоюдың «FD Collection» Коллекторлық агенттік» ЖШС-не қатысты бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Ө[...] кредит» микроқаржы ұйымы» ЖШС-і (бұдан әрі – Серіктестік) іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, дауланған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Электрондық іс құжаттарын және өтінішхат уәждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беру керек деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай – АПК) 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының

елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Электрондық іс құжаттарынан анықталғандай, 2022 жылғы 25 сәуірде Серіктестік мен А[...] арасында «AS[...]» ЖШС интернетресурсында тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін № SULPAK4495935, 698 245 теңгеге микрокредит беру шарты жасалған.

Шағын кредит өтеу мерзімі 2 күнтізбелік айға, сыйақы мөлшері - 40%бен, шағын кредит бойынша артық төлем сомасы - 327 926 теңге.

Шымкент қыласының Әл-Фараби аудандық сотының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы заңды күшіне енген үкімімен О[...] Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен сотталған.

Аталған үкіммен анықталғандай, 2022 жылғы 25 сәуірінде шарты жасаған талап қоюшы емес оны сотталған О[...] А[...] алдап жасағаны. Алдап ақшаға 6 тауар басқа тұлға алғаны сот үкімімен және «АS[...]» ЖШС-нің пікірмен дәлелін толығымен аңықталған. Сотталушы өзінің кінәсің толық мойындады.

А[...] талап қоюын Серіктестіктен ешқашан несие алмағанымен, даулы несие-шарттарына қол қоймағанымен негіздеген. Бірінші сатыдағы сот талап қоюда көрсетілген мән-жайларды тексеріп, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 157-бабының 2-тармағын, 159-бабының 9-тармағын, 715-бабының 1- тармағын, АПК-нің 76-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, талап қою қанағаттандырылған. Соттың бұл тұжырымымен апелляциялық сатыдағы сот келіскен. Талап қоюшының жауапкер Серіктестікпен шарт жасауға ниеті болмағаны, шарт алдау негізінде жасалғаны, қылмыстық үкіммен анықталған мән-жайлар қайтадан дәлелденуге жатпайды деген жергілікті соттар тұжырымға келген.

Соттардың тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есептейді. Ө[...] келесідей уәждер келтірілген.

Талап қоюшы несие шарттын мобильді қосымша арқылы электрондық нысанда ресімдеген, оны ресімдеу кезінде дербес деректер мен өзге де мәліметтерді толтырған, жеке басын және мобильді деректерді растайтын құжаттарды ұсына отырып, биометриялық сәйкестендіру мен аутентификациядан өткен.

Жоғарыда аталған әрекеттер оның +[...] ұялы нөмірі арқылы жүзеге асырылған.

Несиені ресімдеу кезінде үшінші тұлғалардың араласуы анықталмаған. Бір реттік құпия сөзбен және биометриялық деректер (клиенттің бейнесі және жеке басын куәландыратын құжаттың бейнесі) арқылы қарыз алушының аутентификациясы жүргізілген.

АПК-нің 72-бабының талаптарын бұза отырып, А[...] өз талаптарының негіздемесінде құжаттық растау ұсынбаған.

2022 жылғы 25 сәуірдегі шағын несие алуға өтінішінде А[...] үшінші тұлға «AS[...]» ЖШС-ің шотына, бұл жағдайда сауда несиесі берілген Серіктес «AS[...]» ЖШС шотына ақша аудару туралы келісімге қол қойған. 2022 жылғы 25 сәуірдегі №163064 төлем тапсырмасы бойынша А[...] банктік шотынан 698 245 теңге сомасында «АS[...]» ЖШС шотына қаражат аударылған.

«Шағын несиелерді электронды түрде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы №217 қаулысына биометриялық жеке сәйкестендіру қолданылды.

АК-нің 158-бабының 1-тармағында, 159-бабында көрсетілген мәмілені жарамсыз деп тану үшін аталған жағдайда қолдануға болатын қандай да бір негіз жоқ, себебі дауланып отырған шарт заңнаманың барлық нормаларын сақтай отырып жасалған, соттың үкіміне сәйкес О[...] алаяқтық фактісі талап қоюшының мүлкіне қатысты болған деп көрсеткен.

Осылайша, тараптар арасында мәміленің жазбаша нысанына қойылатын 2022 жылғы 25 сәуірдегі № SULPAK4495935 микрокредит беру шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келеді.

Ө[...] көрсетілген және басқа да уәждер дау айтылған сот актілері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында анықталуға жататын негіздер болып табылады.

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 3 шілдедегі шешіміне, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысына келтірілген өтінішхат электрондық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья Айтжанов Е.Ж. Көшірмесі дұрыс Судья Айтжанов Е.Ж.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.