Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 25.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/904 (Гражданское)

№6003-26-00-2к/904 іс

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 25 мамыр Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Н.Б.Ормаханов болып,

талап қоюшы А.Б.Кенжебекованың, өкілі Т.М.Суйменбаевтың, өкілі бейнежауапкер Е.Ж.Шымыркуловтың қатысуларымен, байланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында, Мойынқұм аудандық сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы шешімі мен Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 қазандағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен,

талап қоюшы Айгуль Батырхановна Кенжебекованың жауапкер Баглан Кыдыралиевич Жунисбековке материалдық шығын мен моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы электрондық азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

А.Б.Кенжебекова сотқа талап қоюмен жүгініп, онда Б.К.Жунисбековтың заңсыз іс әрекеттерінен және дәрігер бола тұра науқасқа жала жабуынан келтірілген 15 000 000 теңге моральдық зиянның өтемақысы мен өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты 500 000 теңге материалдық шығынын өндіруді сұраған.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 қазандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Мойынқұм аудандық сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы шешімімен А.Б.Кенжебекованың бұл талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған, сот шығындары бөлінген.

Оған, соттардың жауапкердің іс-әрекеттерімен талап қоюшының өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған, зиян келтірілгенін көрсететін фактілердің анықталмағаны жөнінде тұжырымға келуі негіз болған.

Кассациялық шағымда, соттармен материалдық құқық нормаларының бұзылуына, сот актілерінде баяндалған сот түйіндерінің істің мәнжайларына сәйкес келмеуіне, жауапкердің жала жабуынан басынан кешірген жан мен тән азабына, ауруының асқынуына, оның медицина қызметкеріне сай емес теріс әрекеттеріне дұрыс баға берілмеуіне байланысты, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығару сұралған.

Кассациялық сот істегі бар дәлелдемелерді зерттеп, сотқа қатысушылардың түсініктерін тыңдап, кассациялық шағымның дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексерiп, шағым уәждерін талқылап, төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша соттармен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 917бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

АК-тің 951-бабының талабы бойынша моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарын құқыққа қайшы бұзу, кемсiту немесе олардан айыру салдарынан басынан кешірген жан азабын немесе тән азабын түсiну қажет.

Тараптар арасында даудың туындауына негіз болған істің мәнжайлары шағым берілген сот актілерінде толық баяндалғандықтан, олар осы қаулыда қайталап көрсетуді қажет етпейді.

Талап қоюшының талабы, Б.К.Жунисбековтың жалған арызы негізінде өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3 бабының 3-бөлігі (жала жабу) негізінде істің қозғалуына, ол бойынша өзіне айыппұл салынып, кейіннен апелляциялық сатыдағы сотпен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан істің тоқтатылуына негізделген.

Б.К.Жунисбеков арызында орталық ауруханасы бас дәрігерінің кабинетінде А.Б.Кенжебекованың өзіне «Сен менің жолдасымды өлтірдің» деп жала жапқаны үшін айыптаған.

Аталған мән-жайды А.Б.Кенжебекова тексеру жүргізуде жоққа шығармаған.

А.Б.Кенжебекова жауапкердің осы іс әрекетінен қадір-қасиеті мен арнамысына нұқсан келтіріліп, ашулануына, науқасының асқынуына байланысты өзіне моральдық зиян келгенін көрсетіп, осы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Дегенмен, тек әкімшілік істің әрекетте құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты тоқтатылуы, өздігінен ақталған адамға моральдық зиян өтемақысын өтеу міндетін іс бойынша жәбірленушіге жүктеу үшін негіз бола алмады, өйткені бұл жағдайда азаматтың құзыретіне осындай

шағымдарды қарау жатқызылған органдарға жүгіну бойынша конституциялық құқық іске асырылады.

Моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы әкімшілік іс бойынша ақталған адамның қойған талабы, егер арыздың ешбір құқықтық негізі болмаған және сотқа жүгіну басқа адамға зиян келтіруге (құқықты теріс пайдалану) бағытталған жағдайда ғана қанағаттандырылуы мүмкін. Сондықтан талап қоюшы жауапкердің тарапынан құқықты теріс пайдалану фактісін дәлелдеуге тиіс болған.

АК-тің 951-бабына сәйкес моральдық зиян өтелуге жатады, егер де талап қоюшы өзінің нақты тән немесе жан азабын шеккенін және оның жауапкердің әрекетімен тікелей байланыстылығы дәлелденсе.

Оны дәлелдеу міндеті АПК-тің 72-бабына сәйкес талап қоюшыға жүктелген.

Алайда, талап қоюшымен моральдық зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті және жол беруге болатын дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған.

Өз кезегінде, моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі.

Істі қарауда орын алған оқиға мен талап қоюшының денсаулығының нашарлауының арасында себептік байланыс немесе өзге де моральдық зардаптардың болғаны анықталмаған.

Бұл ретте, жоғарыда аталғандай жалғыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің тоқтатылуы талап қоюшыға моральдық зиянның келтірілгенін бекітетін даусыз дәлелі бола алмайды.

Процестік заңның талабы бойынша шешiм iстiң мән-жайлары туралы болжамдарға негiзделуі мүмкін емес. Сот шешімді әрбір тараптың дәлелдемелерді зерттеуге тең негіздерде қатысуы қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

Соттың іс құжаттарына және сотта анықталған мән-жайларға негізделген тұжырымдарымен бір тараптың келіспеуі, өздігінен шағым берілген сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.

Кассациялық шағымда келтірілген уәждер соттардың қарау нысаны болып, оларға құқықтық дұрыс баға берілгендіктен, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

Жауапкер өкілінің іс бойынша талап қоюшыдан сот шығынын алып беруді сұраған өтініші, сот кеңесу бөлмесіне шыққанға дейін «Төрелік» ақпараттық жүйесіне тіркелмеген. Сондықтан сотпен оның бұл өтініші қаралмаған.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1)-тармағын басшылыққа алып, кассациялық сот

Мойынқұм аудандық сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы шешімі мен Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 қазандағы қаулысы күшінде, талап қоюшы Айгуль Батырхановна Кенжебекованың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Кассациялық сатыдағы сот қаулысы ол жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi.

Төрағалық етуші Г.Джаппарова

Судьялар Н.Ормаханов

А.Есдаулетов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.