6001-24-00-6под/46
Ұ Й ҒА Р Ы М
2024 жылғы 16 қыркүйек Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі
сот алқасының судьясы С.Ү. Баймаханов,
талап қоюшы Маңғыстау облысының атқару округінің жеке сот орындаушысы (бұдан әрі – жеке сот орындаушы) Ихлас Муратович Сатугуловтың жауапкерлер Маңғыстау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына (бұдан әрі – Өңірлік палатасы), Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасына (бұдан әрі – Республикалық палатасы) 2024 жылғы 23 қаңтардағы жоспардан тыс бақылау жүргізу туралы қорытындыны, 2024 жылғы 13 мамырдағы бұйрықты, 2024 жылғы 14 мамырдағы жоспардан тыс бақылау жүргізу туралы қорытындыны, 2024 жылғы 21 мамырдағы тексеру қорытындысын заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша Астана қалалық соты төрағасының әкімшілік істің соттылығын анықтау туралы ұсынысын қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Талап қоюшы жеке сот орындаушы И.М.Сатугулов жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген.
Осы соттың 2024 жылғы 19 шілдедегі ұйғарымымен әкімшілік ісі соттылық қағидалары бұзыла отырып қабылданғаны анықталғандықтан, соттылығы бойынша Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (бұдан әрі – Астана қаласының МАӘС-ты) қарау үшін жолданған.
Осыған орай, Астана қалалық сотының төрағасы ұсыныста әкімшілік істің соттылығын анықтауды сұрап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі - ӘРПК) 109-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес, соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғарғы тұрған сот шешеді деп көрсеткен.
ӘРПК-нің 109-бабының бірінші және екінші бөліктерінде соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Әртүрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шешеді.
Электрондық іс құжаттарына қарағанда, әкімшілік істі қарау барысында талап қоюшыдан талап қоюды нақтылау туралы өтініш түсіп, соттан жауапкер Өңірлік палатасына 2024 жылғы 26 наурыздағы және 13 мамырдағы бұйрықтарды заңсыз деп тану және күшін жоюды, жауапкер Республикалық палатасына 2024 жылғы 6 маусымдағы хаттаманы заңсыз деп танып, күшін жоюды және талап қоюшының құқығын бастапқы қалпына келтіруге міндеттеуді сұраған.
2024 жылғы 18 шілдеде талап қоюшы жауапкер Өңірлік палатасына қатысты талап қоюды кері қайтару туралы арыз берген.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі – Маңғыстау облысының МАӘС-ты) 2024 жылғы 19 шілдедегі ұйғарымдарына сәйкес, талап қоюшының жауапкер Өңірлік палатасына 2024 жылғы 26 наурыздағы және 13 мамырдағы бұйрықтарды заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюы қайтарып, жауапкер Республикалық палатасына 2024 жылғы 6 маусымдағы хаттаманы заңсыз деп танып, күшін жоюды және талап қоюшының құқығын бастапқы қалпына келтіруге міндеттеу туралы әкімшілік ісі соттылығы бойынша Астана қаласының МАӘС-ның қарауына жолданған.
Соттылық бойынша істі жолдауға негіз ретінде ӘРПК-нің 108-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасы көрсетілген.
Ұсынысты зерттеп мынадай тұжырымға келемін.
Әкімшілік іс Маңғыстау облысының МАӘС-ты соттылық қағидаларын сақтай отырып, соттың іс жүргізуіне қабылдаған және сот отырысында қарауға тағайындаған. Ал ӘРПК-нің 108-бабының бірінші бөлігінде соттылық қағидалары сақтала отырып, соттың іс жүргізуіне қабылданған және сот отырысында қарауға тағайындалған әкімшілік іс, егер оны қарау барысында ол басқа соттың соттылығына жатқызылса да, мәні бойынша қаралуға тиіс деп көрсетілген.
Істің мұндай тұрғысында, Астана қалалық сотының әкімшілік істі соттылығы бойынша Маңғыстау облысының МАӘС-на қарауға беру туралы тұжырымы негізді.
Бұндай жағдайда, әкімшілік іс Маңғыстау облысының МАӘС-да қаралуға жатады.
ӘРПК-тің 109-бабының екінші бөлігін басшылыққа алып, судья
Талап қоюшы Маңғыстау облысының атқару округінің жеке сот орындаушысы Ихлас Муратович Сатугуловтың жауапкерлер Маңғыстау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасына 2024 жылғы 23 қаңтардағы жоспардан тыс бақылау жүргізу туралы қорытындыны, 2024 жылғы 13 мамырдағы бұйрықты, 2024 жылғы 14 мамырдағы жоспардан тыс бақылау жүргізу туралы қорытындыны, 2024 жылғы 21 мамырдағы тексеру қорытындысын заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі соттылығы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолдансын. Ұйғарым түпкілікті болып табылады және шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.
Судья С. Баймаханов
Көшірмесі дұрыс
Судья
С. Баймаханов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.