ВС РК - Постановление от 27.02.2024 по делу 6001-23-00-6ап/2488 (Административное)

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 27 ақпан №6001-23-00-6ап/2488 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Ш.Т.Даниярова, Ғ.Ө.Әлжанов болып,

талап қоюшы Н[...], мүделлі тулға М[...] өкілі- Н[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Н[...] Зайсан ауданының әкіміне, «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін сатып алу арқылы жеке меншік құқығымен беру туралы қаулысын, жер қатынастары бөлімінің бұйрығын заңсыз деп тану, жер телімінің аумағы мен шекаралық түзетулерді анықтап, жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық шығаруды міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 маусымдағы ұйғарымына, Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 8 тамыздағы ұйғарымына талап қоюшы Н[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік ісін қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :

Талап қоюшы Н[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 маусымдағы ұйғарымымен әкімшілік талап қою сотқа беруге арналған мерзімді өткізіп алуына байланысты қараусыз қайтарылған. Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 8 тамыздағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Соттар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138–бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасын басшылыққа алып, талап қоюды оны сотқа беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартып қайтарған.

Қассациялық шағымда талап қоюшы Н[...] соттардың ұйғарымдарының күшін жоюды, әкімшілік талапты қарау үшін сотқа қайта жолдауды сұраған.

Сот алқасы сот отырысында талап қоюшы Н[...] және мүделлі тулға М[...] өкілі - Н[...] тындап, іс құжаттарын зерттеп, шағым уәждерін талқылап, келесідей тұжырымдарға келді. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Жергілікті соттар тарапынан мұндай кемшіліктер орын алған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2006 жылғы 23 қарашадағы №1283 жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының шешімімен Н[...] Зайсан ауданы Қашар фермасындағы тұрғын үйі жер учаскесімен ресімделіп, жария етілген және Зайсан аудандық сотының 2008 жылғы 29 ақпандағы шешімімен меншік құқығы танылған.

Зайсан ауданының әкімдігінің «Ж[...]» шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін сатып алу арқылы жеке меншік құқығымен беру туралы 2016 жылғы 15 наурыздағы №180 кадастрлық №[...] жалпы ауданы 298,4 гектар жер учаскесі жоба сызбасына сәйкес сатып алу арқылы М[...] жеке меншік құқығымен берілген. «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен сатып алушы «Ж[...]» шаруа қожалығының жетекшісі М[...] арасында 2016 жылғы 18 сәуірдегі №34 жер учаскесін сатып алу-сату шарты жасалған. Алайда, бұл сатып алу-сату шарты мемлекеттік тіркеуден өтпеген.

Талап қоюшы Н[...] Қашар фермасындағы тұрғын үйі мен мал қорасы М[...] кадастрлық №[...] жер учаскесінің ішінде орналасқан, сол кездері жерге орналастыру жобалары Өскемен қаласындағы орталық өндірісте жасайтын болғандықтан, қателіктер бой алған, барлығы бір құжатқа енгізіліп, Н[...] тұрғын үйі мен мал қорасы орналасқан жерге Кеңсай ауылдық округіне қарасты Бақасу ауылының кадастрлық нөмірі беріліп кеткен.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен Н[...] «Зайсан ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Зайсан ауданының бөліміне М[...] атына берілген 298,4 гектар жер теліміне жасалған сәйкестендіру құжатын бұзып, ол құжаттан өз меншігіндегі №[...] кадарстарлық номердегі 0,2535 гектар жер телімін алып тастауды міндеттеу және М[...] Зайсан аудан әкіміне, Н[...] мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясының 2006 жылғы 23 қарашадағы №1238 шешімін, кадастрлық номері №05-069- 017-535 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актіні заңсыз деп тану туралы қарсы талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған. Іс құжаттарынан және даулы жер учаскесіне қатысты қаралған істер бойынша сот актілерінен Н[...] мен М[...] берілген жер учаскелеріне жеке меншік беретін актілер жасалғанда сәйкестендіру құжаттарында кемшіліктер орын алғаны анықталады.

Соттар талап қоюды қайтарған кезде, ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігінің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделі әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы деген талаптарын басшылыққа алған. Бұл жерде сот талап қоюшы Н[...] әкімшілік рәсімге қатысушы болып табылмайды деп танып, талап қоюдың тиым салынған мерзімін қолданған.

Бірінші және апелляциялық саты соттарының мұндай тұжырымдарын заңды әрі негізді деп санауға болмайды.

Себебі, даулы жер учаскелеріне қатысты іс құжаттарынан М[...] жетекшілік ететін «Ж[...]» шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскесінде Н[...] меншік құқығымен тиесілі тұрғын үй мен ұзындығы 37 метр қорасының бір жағы орналасқаны анықталады. Бұл орайда, Н[...] әкімшілік рәсімнің қатысушысы болып табылады, себебі әкімнің қаулысымен М[...] берілген жер учаскесінде Н[...] тұрғын үй мен мал қорасы ішінара орналасқан.

Сондықтан бірінші сатылы соттың талап қоюшыға сотқа талап қоюдың тиым салынған мерзімін қолдануы қате болып табылады.

Істің мұндай тұрғысында дауланып отырған сот актілерінің күші жойылуға, ал әкімшілік іс қарау үшін сотқа жолдануға жатады.

ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 маусымдағы ұйғарымының, Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 8 тамыздағы ұйғарымының күші жойылсын, әкімшілік іс бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жолдансын.

Талап қоюшы Н[...] кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

С. Баймаханов

Судьялар

Ш. Даниярова

Әлжанов

Ғ.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.