ВС РК - Постановление от 03.05.2022 по делу 6001-22-00-3Г/1517 (Гражданское)

6001-22-00-3Г/1517

Қ А У Л Ы

2022 жылғы 3 мамыр

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Р.Ералиева,

талап қоюшы «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – КММ-сі) жауапкерлер «АҚ[...]» шаруа қожалығына (бұдан әрі – ШҚ-ы) және жеке кәсіпкер А[...] (бұдан әрі - ЖК А[...]) мемлекет пайдасына алынған бюджеттік субсидияны өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша шығарылған

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 29 қазандағы шешімін, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 ақпандағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы жауапкер ЖК А[...] өкілі Г[...] өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :

«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ-сі сотқа жоғарыда аталған талап қою арызымен жүгінген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі - МАЭС) 2021 жылғы 29 қазандағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылған. «АҚ[...]» ШҚ-нан (басшысы К[...]) және ЖК А[...] мемлекет пайдасына 236 919 375 теңге мөлшерінде алынған бюджеттік субсидия ортақ өндірілген.

«АҚ[...]» ШҚ-нан (басшысы К[...]) және ЖК А[...] мемлекет пайдасына 1 701 581 теңге мемлекеттік баж ортақ өндірілген.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 ақпандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта жауапкер ЖК А[...] өкілі Г[...] сот актілерінің күшін жойып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Өтінішхатта төмендегі мән-жайлар көрсетілген.

Талап қоюшы «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ-нің талап арызы Тараз қаласының МАЭС-на күндізгі тәртіпте берілген.

Бұл ретте талап арыздың өзіне уәкілетті адам қол қоймаған, АІЖК-нің 148-бабы 4-тармағының талаптарын бұза отырып, талап қоюшы немесе талап қоюға өкілеттігі болған кезде оның өкілі талап қоюға қол қояды.

Талап қою электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

АІЖК-нің 149-бабының 1-бөлігіне сәйкес, «талап арызға қоса берілетін құжаттар» - мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Сотқа ұсынылған талап арызда мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат жоқ.

Сондай-ақ, талап қоюшы талап арызында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 616-бабында көзделген мемлекеттік баж төлеуден оны босату туралы негіздемені көрсеткен жоқ, себебі ондай негіздер жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде талап қоюшымен мемлекеттік баж төленбеген, сол себепті талап арыз АІЖК-нің 279-бабының 11-тармағына сәйкес қараусыз қалдырылуы қажет еді.

Алайда, процессуалдық заңмен көзделген бұл нормаға бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар назар аудармады.

Осы азаматтық істі қарау барысында, жергілікті соттардың отырысына екі заңды тұлға қатысты, олар талап қоюшы «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ-сі және талап қоюшы тарапынан даудың мәніне дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға «Жамбыл облысы бойынша Ревизиялық комиссия» КММ-сі.

Олардың ұйымдық құжаттары ұсынылмаған.

АІЖК-нің 14-бабына сәйкес, іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер мен айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалануға құқылы. Сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға азаматтық сот ісін жүргізуде сот оларға заңға сәйкес қажетті іс материалдарының аудармасын тегін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдарға сотта айтылғандардың басқа тілде болған бөлігінің сот ісін жүргізу тіліне аудармасын тегін қамтамасыз етеді. Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамға, істегі құжаттарды беру туралы жазбаша түрде өтініш берген кезде оған сот құжаттары оның ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып тапсырылады.

Алайда апелляциялық сатыдағы сот, сот отырысының хатшысы Ж[...] аудармашы ретінде сот отырысына шақырды, бұл ретте Ж[...] аударма ісі саласындағы арнайы білімін растайтын құжаттары сотқа ұсынылған жоқ.

Осылайша апелляциялық сатыдағы сот, осы сот отырысына қатысушылардың құқықтарын бұзып, тараптардың түсіндірмелерін ілеспе аудармады.

Арызданушы мен «АҚ[...]» ШҚ-ның арасында таңқурай көшеттерін жеткізу үшін төмендегі шарттар жасалды: 1) 433 224 000 теңге сомасына 787 680 дана көлемінде 32 га алаңға таңқурай көшеттерін жеткізуге 2020 жылғы 11 мамырда № 4/05; 2) 40 614 750 теңге сомасына 73 845 дана көлемінде 3 га алаңға таңқурай көшеттерін жеткізуге 2020 жылғы 11 мамырда № 6/05.

Алайда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне және жеткізудің маусымдылығына байланысты, жауапкерлер арасында таңқурай көшеттерін 2020 жылғы қарашаға дейін жеткізу мерзімімен ЖК А[...] сақтауға бере отырып, өтеусіз негізде жауапты сақтау шарттары жасалды: 2020 жылғы 18 мамырдағы № 02/05 шартпен - 787 680 дана, 2020 жылғы 18 мамырдағы № 04/06 - 73 845 дана.

Қазіргі уақытта көшеттер нақты сатып алынды, жүк берушінің сұрауы бойынша жеткізілді және оларды отырғызу жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 40-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес субсидиялар нақты сатып алынған элиталық көшеттер үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеуге арналады. Қағидалардың 46-тармағына сәйкес элиттұқымшардан (тұқымшардан, өткізушіден) арзандатылған құны бойынша субсидияланатын тұқымдарды сатып алу кезінде ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) шарттың негізінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тұқымдарды арзандатылған құны бойынша сатып алу кезінде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы береді.

Осы жағдайда, субсидия элиттұқымшарға (тұқымшарға, өткізушіге) элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) Қағидалардың 59 және 60-тармақтарына сәйкес нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей енгізген жағдайда төленеді. «АҚ[...]» ШҚ-мен нақты сатып алынған таңқурай көшеттері үшін субсидиялар алуға арналған өтінім берілді, олар қабылдау-беру актісі бойынша берілді, ал ЖК А[...] нақты сатылған таңқурайдың элиталық көшеттері бойынша мәліметтер енгізілді.

Іс жүзінде таңқурай көшеттері сатып алынып, отырғызылды.

Талап қоюшының және жергілікті соттардың дәлелдері негізделмеген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейді.

Бірінші сатыдағы соттың шешімінен айқын қарама-қайшылықтар көрінеді, онда: өтінімде көрсетілген жер учаскелеріне 236 919 375 теңге сомасында субсидияланған көшеттер отырғызылмағаны анықталды (2 бет 2 абзац) және отырғызылған таңқурай көшеттері қурап, жартылай өскендігі анықталды, кейбір көшеттер өніп шықпады және көшеттердің отырғызу схемасы сақталмай, егіс алқабы арам шөптермен залалданғаны анықталды (2 бет 3 абзац) деп көрсетілген.

Осылайша, сот көшеттер нақты сатып алынғанын және отырғызылғанын анықтады, бұл субсидиялар алу мақсатына толық сәйкес келеді.

Бұдан әрі, «өтінімде көрсетілген жер теліміне «Награда» таңқурай көшеттерін отырғызу мониторингі жүргізілді. Нәтижесінде отырғызылған таңқурай көшеттері қурап, жартылай өскендігі анықталды, кейбір көшеттер өніп шықпады және көшеттердің отырғызу схемасы сақталмай, егіс алқабы арам шөптермен залалданғаны анықталды» делінген. Мониторинг бойынша әкімшілік өкілдері акт жасаған.

Бірақ басшылардың (әкімшілік өкілдерінің) актісі осы мәселе бойынша сарапшының қорытындысын алмастыра алмайды, себебі актіде қанша таңқурай саны қурап қалғаны, қаншасы өскені, таңқурайдың кебу себептері туралы толық қорытындылар жасалмаған.

Таңқурай көшеттері келісім бойынша 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларында отырғызылды, өспеген көшеттер өз жемісін кейінірек береді.

Талап қоюшының мәлімдемесінде «ол Министр бұйрығының талаптарын орындауды қамтамасыз етпеді» деп көрсетілген, сонда жауапкерлер қандай талаптарды орындау керек екені көрсетілмеген.

Сот шешімнің дәлелдеу бөлігінде Жамбыл облысы егіншілік бөлімінің басшысы М[...] айғақтарына дәлел ретінде сілтеме жасаған, онда соңғы өзінің пікірін білдірген: «күмән бар әр 100 метр алаңға 2-3 дана өсетін көшеттер одан әрі өседі», «көшеттер ескірген және пайдаланылған».

Бұл мәлімдеме сарапшының қорытындысы емес, субъективті, ешқандай дәлелмен расталмаған, басшылардың бірінің (әкімшілік) пікірі, мүдделі тұлғаның-болжамдарға негізделген, яғни дәлелсіз. Бірінші сатыдағы сот шешімде не себепті ЖК А[...] қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулымен келіспейтіндігін көрсетпеген. Сол себепті арызданушы жергілікті соттар істі қарау барысында талап қоюшыға артықшылық берді деп көрсеткен.

Жоғарыдағылардың негізінде, жергілікті соттардың тұжырымы іс құжаттарымен сәйкес келмейді.

Судья өтінішхат берушінің көрсетілген уәждері сот актілерін қайта қарауға негіз болатынын басшылыққа алып, азаматтық істі алқа отырысында қарау үшін беру қажет деп санайды.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1) - тармақшасын басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Жауапкер ЖК А[...] өкілі Г[...] Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 29 қазандағы шешімін, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 ақпандағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.

Судья Б.Ералиева Көшірмесі дұрыс Судья Б.Ералиева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.