ВС РК - Постановление от 12.04.2021 по делу 6001-21-00-3Г/838 (Гражданское)

6001-21-00-3г/838

Қ А У Л Ы

2021 жылғы 12 сәуір

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж.Исмаилов талап қоюшы И[...] жауапкерлер – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-ге, Ө[...] материалдық залал мен моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімін, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,

а н ы қ т а ғ а н ы :

И[...] «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-ден ( бұдан әрі – 2029 әскери бөлім ), Ө[...] 1025800 теңге материалдық залал мен моральдық зиянның өтемі үшін 5000000 теңге өндіру туралы талабымен сотқа жүгінген. Талабын жалғыз ұлы С[...] 2029 әскери бөлімінде отан алдында әскери борышын өтеу барысында мемлекеттік шекара сызығының «Тасқала» шекара заставасында шекаралық қызметін атқаруға арналған металл бақылау мұнарасын монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс жұмыстарының жетекшісі капитан Ө[...] өз қызметіне салғырт қарау салдарынан, соңғының бұйрығын сақтандыру белбеуінсіз және қорғаныс дулығасыз орындау нәтижесінде басына металл зат құлап, денсаулығына ауыр зардап алып, келтірілген жарақаттар бойынша оған екінші топтағы мүгедектік тағайындалғаны туралы уәждермен негіздеген.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген, шешімнің материалдық залал және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы бөлігінің күші жойылып, талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданған. 2029 әскери бөлімінен және Ө[...] ортақ түрде И[...] пайдасына моральдық зиянның өтемі үшін 3000000 теңге өндірілген. Бірінші сатыдағы сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхат беруші әскери соттардың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюды, талаптың 1025800 теңге материалдық залалды өндіру туралы бөлігін қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ( бұдан әрі – АПК ) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды

күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша анықталғандай, 2016 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекаралар сызығының 599 шекаралық белгісі учаскесіндегі «Тасқала» шекара заставасында болған кезде көзбен көріп бақылау жолымен күзет шекаралық қызметін атқару үшін арналған металл бақылау мұнарасын ( бұдан әрі – М15 ) монтаждау мен тұрғызу жүргізілген.

Сол жылдың 26 тамызында құрылыс жұмыстарының жетекшісі капитан Ө[...] өз лауазымы мен әскери атағы бойынша оған бағынышты сарбаздар үшін бастығы бола тұра, қатардағы С[...] оның сақтандыру белбеуінің және қорғаныс дулығасының болмауына қарамастан М15-тің екінші қабатындағы сатының төменгі бұрандамаларын бекітуге бұйрық берген. Ө[...] өз қызметіне салғырт қарауының нәтижесінде тиісті түрде бекітілмеген М15-тің төртінші қабатының металл мұнаралық алаңы С[...] басына құлаған.

2016 жылғы 01 қыркүйектегі № 1.1.10./420 сот-медициналық сарапшысының қорытындысына сай С[...] денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығы бойынша өмірі үшін қауіпті, ауыр деңгейге жататын сол жағынан самай-төбе аймағының жаншылып сынуы, оң жағынан самай сүйегінің ұзындығынан сынуы, сол жағынан жаншылған сынықтармен ауыр деңгейдегі бас миының соғылуы, көлемді жарақаттан кейінгі торлы қабақ астына қан құйылуы, бас миының ісуі және ісіп-кебуі, сол жағынан самай-төбе аймағындағы жаралар, оң жағынан самай аймағында соғылған жара, ашық бас сүйек-ми зақымы келтірілген.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2017 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ( бұдан әрі – ҚК ) 453-бабының 2-бөлігімен сотқа берілген Ө[...] ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде жәбірленуші тарапымен татуласуына және келтiрiлген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.

2018 жылғы 08 ақпандағы № 1909254 анықтамаға сәйкес С[...] екінші топтағы мүгедектік анықталған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ( бұдан әрі – АК ) 917бабының 1-тармағына сай азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс болады. АК-нің 951-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес моральдық зиянды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтеуге міндеттенеді. Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян, соның ішінде, зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi арқылы келтiрiлсе өтелуге жатады.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты талап қою арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдап, Ө[...] қатысты қылмыстық істің қаралу барысында сотталушы жәбірленуші өкілі – талап қоюшы И[...] татуласып, қылмыстың салдарынан келтірілген материалдық залал және моральдық зиянның өтемі толықтай өтелгенін көрсетіп, тиісті өтінішхатты сотқа жолдағанын, сонымен қатар АПК-нің 72-бабына сай 1025800 теңге материалдық шығындарды растайтын дәлдедемелер табыс етілмегенін көрсеткен.

Сонымен бірге, бірінші сатыдағы сот Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» нормативтік қаулысының 24-тармағына сілтеме жасап, қылмыстық іс бойынша сотталушының жәбірленушімен татуласып, оны қылмысты жауаптылықтан босату туралы өтінішін сотқа жолдауы өзіне келтірілген зиян толық өтелуін дәлелдейтіні туралы қорытындыға келген.

Әскери соты бірінші сатыдағы соттың моральдық зиянның өтемін өндіру бойынша қабылдаған шешімі істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық заң талаптары бұзылуына жол берілгенін көрсеткен.

Атап айтқанда, АК-нің 931-бабының 1, 3-тармақтарында қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.) , егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.

Зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi деп көрсетілген.

Жәбірленуші С[...] келтірілген дене жарақаттардың салдарынан екінші топтағы мүгедектік тағайындалғанын, өзінің және тума-туысқандарының тартқан азабын ескеріп, Әскери сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, талап қоюшының моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырып, жауапкерлерден ортақ түрде 3000000 теңге өндірген.

Сонымен бірге, талап қоюшының материалдық залалды өндіру бөлігі бойынша дәлелді құжаттардың табыс етілмеуіне байланысты бірінші сатыдағы сотпен талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы заңды шешім қабылданғаны көрсетілген.

И[...] өтінішхатында Ө[...] өзінің қызметтік міндеттеріне салғырт қарауының салдарынан отан алдында борышын өтеп жүрген жалғыз баласының денсаулығына зиян келтірілгені оған қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша қабылданған сот актісімен өз дәлелін тапқаны жөнінде уәждер келтірген.

С[...] № 374/4 станционарлық науқастың дәрігерлік картасына сәйкес 2016 жылғы 23 тамыздағы оқиғаны салдарынан оның денсаулығына келтрілген зиян бойынша «травматичекая болезнь головного мозга в форме рубцово-атрофического процесса в левой височной и теменной долях, моторной афазии, правостроннего лёгкого гемипареза; посттрепанационные костные дефекты лобно-височно-теменных областей, замещённые пластическим материалом, неполная атрофия зрительных нервов; сходящееся вторичное постоянное паралитическое нерефракционное косоглазие левого глаза, паралич отводящего нерва слева; хронический левосторонний отит в стадии ремисссии; хронический двухсторонний кохленеврит» деген диагноз қойылған.

2016 жылғы 08 қыркүйекте С[...] Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық әскери ауруханасына жедел түрде жеткізіліп, оған ота жасалып, денсаулығын зерттеу барысында «подострая гидрома правой гемисферы головного мозга, кревой некроз послеоперационной раны слева, постравматическая ликворея» қосымша диагноздар қойылған.

Өтінішхат иесі С[...] Тасқала аудандық ауруханасында, Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде, «Сұңқар» дәрігерлік компаниясында, Алматы қаласындағы көз ғылыми зерттеу институты ауруханасында ем, соның ішінде бірқатар ақылы емдік курстар қабылдағанын атап өткен.

Сонымен қатар, С[...] дәрігерлік көмекке жүгінгені, әуе және теміржол көліктері үшін жұмсалған шығындар жөнінде тиісті құжаттар, түбіртектер Ө[...] қатысты қылмыстық іс құжаттарында (569 817 теңгеге) және аталған азаматтық іс құжаттарына (1 025 800 теңгеге) тіркелгенін, алайда әскери соттармен елеусіз қалдырылғанын көрсеткен.

Өтінішхатта жауапкерлерден талап етілген 1025800 теңге шығындарды дәлелдейтін құжаттардың бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға табыс етілуі ескерусіз қалдырылғаны, аталған құжаттар талап қоюшымен мәлімдеген өтінішіне және іс бойынша шешім қабылдау үшін қажеттілігіне қарамастан Ө[...] қатысты қылмыстық істен сұратылып, азаматтық іске тіркелмегені туралы жазылған.

Одан басқа Ө[...] қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны АКнің 917-бабына сәйкес заңды тұлғаны, яғни жауапкер 2029 әскери бөлімін, қайғылы оқиға салдарынан келтірілген зиянды өтеуден босатпайтыны туралы уәждер келтірген.

Судья өтінішхатта көрсетілген уәждердің іс үшін маңызы бар екендігін және даулы сот актісін қайта қарауға негіз болатынын ескере отырып, оны іспен бірге алқа отырысында қарауға жолдау қажет деп санайды.

АПК-тің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

қ а у л ы е т т і :

Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімін, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасына сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі өтінішхат берген тұлғаға жолдансын.

Судья

Е.Исмаилов

Көшірмесі дұрыс.Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.