Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 03.02.2026 по делу 6003-26-00-2к/683 (Гражданское)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 3 ақпан №6003-26-00-2к/683 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы Т[...], талап қоюшы А[...] жауапкерлер нотариустар И[...], Н[...] әрекетін заңсыз деп танып, мұрадан бас тарту туралы арызды жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша қабылданған Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 шілдедегі қаулысына жауапкер Н[...] өкілі У[...] берген кассациялық шағымын қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

А[...] жоғарыда аталған арызбен сотқа жүгінген.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен арыз ішінара қанағаттандырылып, 2024 жылғы 9 қыркүйектегі жеке нотариус Ж.исахова куәландырған №531 тізілімде тіркелген А[...] мұрадан бас тарту туралы арызы жарамсыз деп танылған.

Жауапкер Н[...] кассациялық шағымында сот актілерінің күшін жойып, арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Кассациялық шағымды қарап, судья төмендегі негіздермен ол қайтарылуға жатады деп санайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 442-бабы 1-бөлігі 3) тармақшасына сәйкес кассациялық шағым беруге арналған алты айлық мерзiм өткеннен кейiн берiлсе, ол берген тұлғаға қайтарылуға жатады.

АПК-нің 436-бабы 1-бөлігіне сәйкес апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға кассациялық шағым берілуі мүмкін.

Осы Кодекстің 431-бабына сәйкес апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

Жауапкер өкілі У[...] 2026 жылғы 28 қаңтарда кассациялық шағым берген кезде заңмен көзделген алты айлық мерзім өтіп кеткен. Осы ретте, жауапкермен 2025 жылғы 22 шілдедегі алқа қаулысына шағым беру мерзімі алты күнге кешіктіріп берілген.

АПК-нің 126-бабына сәйкес өткізіп алған кассациялық шағымға қоса берілген шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхаты болған жағдайда қаралады.

Алайда талап қоюшы дәлелді себептері көрсетілген шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат бермеген.

Көрсетілгенді ескере келе, шағымды қарау үшін қабылдауға процестік мүмкіндігі жоқ.

Шағымды қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған соң, жауапкер оны жалпы тәртіппен қайтадан беруге құқылы екені түсіндіріледі. АПК-нің 442-бабы 2-бөлігін басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Жауапкер Н[...] өкілі У[...] Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 шілдедегі қаулысына берген кассациялық шағымы қайтарылсын.

Т[...]

Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.