6001-23-00-3Г/2411
ҚАУЛЫ
2023 жылғы 17 шілде Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Мырзаке,
талап қоюшы «Атырау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме, Құрылтайшы) жауапкер «ИМ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік, Сенімгерлік басқарушы):
-2021 жылғы 8 сәуірдегі №25302-ЭТП мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартты (бұдан әрі - Ш[...]) бұзу туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 17 қарашадағы қаулысына Серіктестіктің келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Мекеме жоғарыда көрсеткен талап қоюмен сотқа жүгінген.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 17 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған. Д[...] бұзылған. Сот шығыстары өндірілген.
Серіктестік өтінішхатта істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты даулы сот актінің күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруын сұраған. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс материалдарына қарағанда, Мекеме мен Серіктестіктің арасында Ш[...] жасалып, электрондық сандық қолтаңба қойылған.
Ш[...] бойынша Мекеме Серіктестікке сенімгерлік басқарушыға Атырау қаласы, Жерұйық ықшам ауданы, Маденов көшесі, 1А мекенжайдағы ғимаратты (бұдан әрі - Объект) сенімгерлік басқаруға берген.
Серіктестік Ш[...] бойынша пайдаланушы болатын құрылтайшының мүдделеріне сәйкес Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенген.
Ш[...] бойынша Серіктестік келесі міндеттемелерді орындамаған:
-«Нұрсая» қосалқы станциясынан коммуналдық базарға дейінгі резервтік электр желісін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалған күннен бастап 1 жыл ішінде қалпына келтіру;
-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өртке қарсы, санитарлық және өзге де нормаларды сақтау;
-«СА[...]» ЖШС-нің қарызын өтеу; базар әкімшілігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының белгіленген бағаларын ұстау және реттеу.
Талап қоюшы жауапкердің Ш[...] көзделген міндеттемелерді орындамағаны үшін сотқа аталған талап қоюмен жүгінген.
Бірінші сатыдағы сот, талап қоюдан бас тартуын жауапкер Ш[...] талаптарын едәуір дәрежеде бұзушылық орын алмағанымен тұжырымдаған.
Апелляциялық сот алқасы сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруын жауапкермен Ш[...] тармақтары дәлелді себептермен мезгілінде орындалмағанымен негіздеген.
Алайда апелляциялық соттың мұндай тұжырымдарымен келісуге болмайды.
Арызданушы өтінішхатта келесідей уәждер келтірген.
Апелляциялық сотпен анықталғандай, Ш[...] 5.5-тармағына сәйкес, егер тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындау мүмкін календарлық күнтізбелік 2 (екі) айдан асса, онда тараптар Ш[...] бұзуға құқылы.
Апелляциялық сатыдағы сот отырысында белгілі болғандай, Ш[...] 3.2-тармағының 23) тармақшасының талаптары осы уақытқа дейін орындалмағаны даусыз дәлелденді.
Жауапкердің нарықтық бағаларға мониторинг жүргізуі Ш[...] көрсетілген тармағын орындалды деп санауға негіз болып табылмайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер жасаған хаттамаларда жасалған күн көрсетілмегендіктен, ол тиісті дәлел ретінде танылмайды. Жауапкердің дәлелді себептермен Ш[...] тармақтарын орындамағаны дәлелденбеген. Апелляциялық сатыдағы сот істің анықталған мән-жайларында залал келтіру фактісі бар деген қорытындыға келді, онда талапкер Ш[...] жасасу кезінде сенуге құқылы нәрседен едәуір дәрежеде айырылады. Осылайша, апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюдың және талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы шешімді шығарудың негізділігін дәлелдей отырып, Ш[...] талаптарын айтарлықтай бұзуды қарастырды.
Алайда жаупакер апелляциялық сатыдағы соттың мұндай шешімімен және тиісінше сот шығарған қаулымен келіспейді деп санайды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 75бабының 12-тармағына сәйкес мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша өзгертіледі және бұзылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 401бабында көзделгендей егер АК-де өзгеше көзделмесе, басқа заңнамалық актілерде және шартта тараптардың келісімі бойынша шартты өзгерту және бұзу мүмкін.
Тараптардың бiреуi Ш[...] бұзып, ол екiншi тарап Ш[...] жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады. Жауапкер Ш[...] бойынша өз міндеттемелерін орындағаны туралы дәлелдер келтірді, атап айтқанда: -жауапкер сотқа «Нұрсая» қосалқы станциясынан коммуналдық нарыққа дейін 54 200 000 теңге сомасына резервтік электр желісін қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелердің орындалуының дәлелдерін ұсынды, бұл азаматтық іс материалдарында, оның ішінде, бірақ шектелмей, 2022 жылғы 1 сәуірдегі №22/04/22 шарттың көшірмесімен, тиісті төлем және өзге де құжаттармен расталады;
-жауапкер сотқа 5 518 000 теңге сомасындағы шығыстарды көтере отырып, өртке қарсы және санитариялық нормаларды сақтау бойынша тиісті міндеттемелердің орындалуының дәлелдерін ұсынды, бұл азаматтық іс материалдарында, оның ішінде, бірақ шектелмей, 2022 жылғы 27 маусымдағы №057/22 шартының көшірмесімен, 2022 жылғы 27 маусымдағы №058/22-П шартының көшірмесімен, 2022 жылғы 19 мамырдағы №E.01.X.KY87VBY00034570 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындымен, 2022 жылғы 22 маусымдағы актімен, 2022 жылғы 27 маусымдағы хаттамамен, 2022 жылғы 13 тамыздағы арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдау актісімен, 2022 жылғы 11 тамыздағы монтаждау жұмыстарының аяқталуы туралы актімен, 2022 жылғы 11 тамыздағы іске қосу-жөндеу жұмыстарының аяқталуы туралы актімен, сондайақ төлем және өзге де құжаттармен расталады;
-жауапкер сотқа жалпы сомасы 132 791 000 теңге сомасына «СА[...]» ЖШС-нің барлық берешегін өтеу бойынша тиісті міндеттемелердің орындалуының дәлелдерін ұсынды, бұл азаматтық іс материалдарында, оның ішінде, бірақ шектелмей, 2022 жылғы 15 шілдедегі №152 төлем тапсырмасымен, 2021 жылғы 11 наурыздағы № 69 төлем тапсырмасымен, 2021 жылғы 12 наурыздағы №80 төлем тапсырмасымен, 2021 жылғы 9 шілдедегі №190 төлем тапсырмасымен, 2021 жылғы 6 қазандағы №269 төлем тапсырмасымен және өзге де төлем құжаттарымен расталады;
-АК-нің 890-бабымена көзделгендей, жауапкер облыс әкімдігі бекіткен бөлшек сауда бағаларының шекті мәндеріне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тежеу және реттеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындау үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдады, бұл азаматтық іс материалдарында, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, 2022 жылғы 30 мамырдағы №1, 2022 жылғы 15 шілдедегі №2 хаттамамен, 2022 жылғы 15 тамыздағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингі хаттамасымен, 2022 жылғы 16 тамыздағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингі хаттамасымен, 2022 жылғы 18 тамыздағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингі хаттамасымен, Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының атына 2022 жылғы 15 қыркүйектегң
№01-01/112 хатымен, сондай-ақ өзге де құжаттармен расталады.
Осылайша, талапкерге осындай зиян келтіру фактісі жоқ, ол Ш[...] жасаған кезінде сенуге үміт артуға нәрседен айтарлықтай айырылады.
Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері кассациялық сот отырысында тексерілуге жатады.
АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 17 қарашадағы қаулысына қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.
Судья Ғ.Ж.Мырзаке
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.