6003-26-00-2к/1900
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 8 шілде
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Л.Б.Мамырбаева,
судьялар А.О.Тогумбетова, А.К.Тлеубаева,
талап қоюшының өкілі Ә[...] қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Ш[...] жауапкерлер «Индер аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Б[...], Г[...], К[...] пәтердің орнын анықтап беру және пәтерден мәжбүрлеп шығару туралы азаматтық істі талап қоюшы Ш[...] өкілі Ә[...] Атырау облысы Индер аудандық сотының 2025 жылғы 7 сәуірдегі шешіміне және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Атырау облысы Индер аудандық сотының 2025 жылғы 7 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Кассациялық сот талап қоюшының өкілін тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Ш[...] нақтыланған талап қоюында Индербор поселкесі, Қонаев көшесі, №[...] үйдің №[...] пәтерінде 1998 жылдан бастап тұрғанын, кейіннен Индербор поселкелік округ әкімінің шешімімен аталған бөлме жекешелендірілгенін, өзі 2003 жылғы күз айында Атырау қаласына жұмысқа орналасуына байланысты пәтерді жауып кеткендігін, қазіргі таңда Индербор поселкесі, Қонаев көшесі, №[...] үй тұруға жарамсыз, апатты жағдайда болғандықтан сүрілгендігін (бұзылғанын) көрсетіп, «Индер аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін жауапкер ретінде танып, №[...] пәтердің орны өзіне тиесілі екенін анықтап, А[...], Ж[...], К[...] пәтерден шығаруды сұраған. Атырау облысы Индер аудандық сотының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы ұйғарымымен Индер аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жауапкер ретінде танылған.
2025 жылғы 16 қаңтардағы өтінішінде талап қоюшы Ш[...] жауапкерлер А[...], Ж[...], К[...] Атырау облысы, [...] поселкесі, Д.Қонаев көшесі, [...] үй, №[...] пәтерден мәжбүрлеп шығару бойынша талап қою туралы бөлігін қараусыз қалдыруды сұраған.
Іс құжаттарына қарағанда Индербор поселкелік округ әкімінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы 2001 жылғы 22 мамырдағы №71 шешімімен Индербор поселкесі, Қонаев көшесі, тұрғын үй мәртебесін алған №[...] үйдің №[...] пәтері Ш[...] берілген.
2024 жылғы 30 қыркүйектегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (шектеулер) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасына сәйкес Индербор поселкесі, Д.Қонаев көшесі, №[...] үй, №[...] пәтерге (кадастрлық нөмірі [...]) 2003 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Ш[...] меншік құқығы тіркелген.
Бұдан бөлек, Индер ауданы, Индербор поселкелік округі әкімінің тұрғын жайды жекешелендіру туралы 2003 жылғы 22 қазандағы №209 шешімімен Индербор поселкесі, Қонаев көшесі, №[...] үй, №[...] пәтері А[...] беріліп, тиісті түрде тіркелген.
2024 жылғы 7 маусымдағы комиcсияның актісіне сәйкес, талап қоюшыға тиесілі №[...] пәтердің 3х5 метр болатын 2 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы 30,0 шаршы метр, ал жауапкерлердің №[...] пәтер 2,7х5,7 метр болатын 1 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы 15,39 шаршы метр екендігі анықталған.
Сонымен қатар, сот тапсырмасының негізінде жүргізілген жұмысшы тобының 2025 жылғы 27 наурыздағы қорытындысы бойынша тараптар көрсеткен іргелес бөлмелер өлшеніп, бөлмелердің көлемі және иелері анықталған.
Сондықтан, бірінші сатыдағы сот Ш[...] меншігіне тіркелген Д.Қонаев көшесі, №[...] үйдің №[...] пәтердің жалпы ауданы 30,0 шаршы метрлі 2 бөлмелі пәтер анықталмаған деген тұжырымға келген. Апелляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы соттың мұндай тұжырымымен келіскен.
Өйткені, «Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №01-17 хатында Индер поселкесі, Қонаев көшесі, [...], [...], [...] мекен- жайында орналасқан бұрынғы емхана (кейіннен тұрғын үй болып өзгерген) ғимаратының құжаттары жоқ екендігі көрсетілген.
Индербор поселкесінің әкімінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 06-04-1101/173 хатының негізінде Индер поселкесі, Қонаев көшесі, [...], [...], [...] мекенжайында орналасқан бұрынғы үйлердің апатты жағдайда болуына байланысты сүрілгендігі (бұзылғандығы), ол туралы құжат жасалмағаны сотпен анықталған. Бұл мән-жайлар тараптармен дауланбаған.
Істің мұндай тұрғысында, соттардың талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқаны заңды.
Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.
Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Атырау облысы Индер аудандық сотының 2025 жылғы 7 сәуірдегі шешімі және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Ш[...] өкілі Ә[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Л.Б.Мамырбаева
А.О.Тогумбетова
Судьялар:
А.К.Тлеубаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.