№6003-26-00-2к/1037 (2)
ҚАУЛЫ
2026 жылғы 9 маусым Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында:
төрағалық етуші судья Ж.К.Рустембеков,
судьялар Л.Б.Мамырбаева, А.О.Тогумбетова,
прокурор М[...],
талап қоюшының өкілі Т[...], жауапкер Д[...] оның өкілі С[...] қатысуларымен, бейнеконференциялық байланыс арқылы, ашық сот отырысында
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі -Департамент) жауапкерлер Д[...], Д[...], С[...], Э[...], Э[...], Г[...], А[...], Г[...], К[...], А[...], Т[...], Қарашық ауылдық округінің әкіміне, «Түркістан облысы, [...] жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Кентау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, нотариус А[...] әкім шешімдерін, жалға алу шартын, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкер Д[...] Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Департамент жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, онда әкімнің шешімдерін және сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды сұрап, оны жалға берілген жер учаскесі заң талаптарына бұза отырып берілгендігімен негіздеген.
Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Қарашық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №189 жер теліміне пайдалану құқығын табыстау туралы, 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №82 жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімдері, 2021 жылғы 16 сәуірдегі №1850 Кентау қалалық жер қатынастар бөлімі мен Д[...] арасындағы жер учаскесін жалға беру туралы шарты, 2022 жылғы 26
қыркүйектегі №376 Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Д[...] арасындағы жер учаскесін сатып алу-сату шарты, 2023 жылғы 30 қаңтардағы №110, 2023 жылғы 30 қаңтардағы №111, 2023 жылғы 30 қаңтардағы №109, 2023 жылғы 20 қаңтардағы №67 Д[...] пен С[...] арасындағы сатып алу - сату шарты, 2023 жылғы 20 қаңтардағы №66 Д[...] пен А[...] арасындағы жер телімін сатып алу-сату шарттарын, 2024 жылғы 18 наурыздағы №314, 2024 жылғы 18 наурыздағы №316 С[...] мен Г[...] арасындағы жер телімін сатып алу-сату шарты, 2024 жылғы 23 қаңтардағы №87 С[...] мен Г[...] арасындағы жер телімін сатып алу-сату шарты, 2024 жылғы 6 ақпандағы №160 С[...] мен Э[...] арасындағы жер телімін сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған. Сот шығыны туралы мәселе шешілген.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер Д[...] кассациялық шағымда жергілікті соттар іс бойынша анықталған мән-жайларға дұрыс құқықтық баға бермегенін, материалдық және процестік нормаларын дұрыс қолданбағанын, жер учаскелерін одан сатып алған тұлғалар адал сатып алушылар болып табылатынын көрсетіп, дауланып отырған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Кассациялық сот іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін, прокурордың сот актілері заңды деген қорытындысын тыңдап, іс материалдары мен кассациялық шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 267-бабының 1- тармағына сәйкес, егер мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілді немесе атқарушы органның, не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтін қалыпты немесе жеке қуат шығару салдарынан меншік иесінің және басқа адамдардың өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншік иесінің немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп табылады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі-Жер кодексі) 50 бабының 2-1 тармағында бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1,0 гектардан аспайтын мөлшерде берілетіндігі көзделген.
Жер кодексінің 102-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына бағбандықпен айналысу, саяжай құрылысы және бау-бақша шаруашылығы үшiн жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдық елдi мекендердiң жерiнен және қосалқы жерден берiлетіндігі көрсетілген.
Жер кодексінің 109-бабының 1-тармағына сәйкес, қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады. Елдi мекендерде орналасқан жер учаскелерінің нысаналы мақсаты осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес белгіленеді және жергілікті атқарушы органдардың жер учаскесіне құқық беру туралы шешімдерінде және сәйкестендіру құжаттарында көрсетіледі.
Жер кодексінің 107-бабына сәйкес қалаларды, кенттердi, ауылдар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады.
Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.
Елдi мекендердің жерi мынадай: 1) тұрғын үй; 2) әлеуметтік; 3) коммерциялық; 4) өзге де функционалдық аймақтарға бөлінеді.
Жер кодексінің 44-бабының 1-тармағында (жер учаскесі берілген кездегі редакцияда) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының не орналасу схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс екендігі қарастырылған.
Бірінші сатыдағы сотпен және іс материалдарымен анықталғандай, Қарашық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №189 шешімі негізінде Д[...] Қарашық ауылы, И[...] [...] алаңы 1,0 гектар жер телімі 25 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы табысталған.
2021 жылғы 16 сәуірде Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі мен Д[...] арасында №1850 жер учаскесін жалға беру туралы шарты жасалып, кадастрлық №[...] сәйкестендіру актісі рәсімделген.
Қарашық ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №82 шешімімен жоғарыда аталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін өзгертіліп, Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Д[...] арасында 2022 жылғы 26 қыркүйекте №376 жер учаскесін сатып алу-сату шарты жасалып, жаңадан кадастрлық №[...] сәйкестендіру актісі рәсімделген.
Содан кадастрлық №[...] жер учаскесі 5 бөлікке бөлініп, оның нәтижесінде кадастрлық №№[...], [...], [...], [...], [...] сәйкестендіру актілері рәсімделген. Кадастрлық №[...] жер учаскесі 2023 жылғы 30 қаңтардағы
№110 сатып алу-сату шартына сәйкес С[...] сатылған. Одан әрі 2024 жылғы 18 наурыздағы №314 сатып алу-сату шартына
сәйкес бұл жер учаскесін Д.С[...].Г[...] сатқан.
- Кадастрлық №[...] жер учаскесі 2023 жылғы 30 қаңтардағы
№111 сатып алу-сату шартына сәйкес С[...] сатылған.
2024 жылғы 18 наурыздағы №316 сатып алу-сату шартына сәйкес бұл
жер учаскесі Д.С[...].Г[...] сатқан.
- Кадастрлық №[...] жер учаскесі 2023 жылғы 20 қаңтардағы
№66 сатып алу-сату шартына сәйкес А[...] сатылған. Кадастрлық №[...] жер учаскесі 2023 жылғы 30 қаңтардағы
№109 жер телімін сатып алу-сату шартына сәйкес С[...] сатылған. Одан әрі 2024 жылғы 23 қаңтардағы №87 сатып алу-сату шартына
сәйкес С[...] Г[...] сатқан.
- Кадастрлық №[...] жер учаскесі 2023 жылғы 20 қаңтардағы
№67 сатып алу-сату шартына сәйкес С[...] сатылған.
Өз кезегінде С[...] 2024 жылғы 6 ақпандағы №160 жер учаскесін
сатып алу-сату шартына сәйкес Э[...] сатқан.
Жергілікті соттарда істі қарау барысында Д[...] алаңы 1 гектар бау-бақша үшін жалға берілген жер учаскесі Түркістан қаласы мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы №18/108-V шешімімен бекітілген Қарашық ауылдық округі, Қарашық ауылының бас жоспарына сәйкес, аулалы тұрғын үйлер аумағына жататындығы, яғни Қарашық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №189 шешімімен даулы жер учаскесі Жер кодексінің 44-1, 109 баптарының талаптарын бұза отырып берілгені анықталған. Сондықтан әкімнің осы заңсыз шешімі негізінде кейінгі жасалынған барлық мәмілелер жарамсыз деп танылған.
Кассациялық сот жауапкердің жер учаскелерін сатып алған тұлғалар адал сатып алушылар болып табылады деген уәжін негізсіз деп санайды.
Өйткені, әкімнің шешімімен даулы жер учаскесіне қатысты құқық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы мемлекеттің иелігінен оның еркінен тыс өзге жолмен шығып кеткен.
Жауапкердің кассациялық шағымында келтірген басқа уәждері соттардың қарау нысаны болған және дауланған сот актілерінде оларға тиісті құқықтық баға берілген. Кассациялық шағымда жаңа фактілер мен негіздемелер келтірілмеген. Істі қарау барысында жергілікті соттар тарапынан материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол берілмеген.
Жауапкердің іс бойынша анықталған мән-жайлармен келіспеуі дауланып отырған сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз бола алмайды.
Сондықтан кассациялық сот дауланып отырған сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 16 мамырдағы шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкер Д[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші, судья: Ж.Рустембеков
Судьялар: Л.Мамырбаева
А.Тогумбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.