КСАД РК - Постановление от 12.11.2025 по делу 6003-25-00-4к/1977 (Административное)

6003-25-00-4к/1977 Астана

2025 жылғы 12 қараша қаласы

ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші судья Е.Б. Төлеев, судьялар Р.М.Айнақұлова, Н.М. Қабдрахманова ашық сот отырысында талап қоюшы Наргиз Мұратқызы Исмагулованың жауапкер жеке сот орындаушы Нариман Серикович Аймагамбетовтың (бұдан әрі – ЖСО) 2024 жылдың 29 тамызындағы №6545/24-23-2280, №6561/24-23-2280 атқарушылық өндірістерін қозғау және 2024 жылдың 8 қарашасындағы №10426/24-23-2280, №10474/24-23-2280 атқарушылық өндірістерін қозғау туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік ісін Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 22 қаңтарындағы ұйғарымына, Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 мамырдағы ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымдарымен қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыдағы талаптармен 23 желтоқсан 2024 жылы сотқа жүгінген.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 22 қаңтарындағы ұйғарымымен талап қоюшының талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, 2024 жылдың 29 тамызындағы №6545/24-23-2280, №6561/24-23-2280 атқарушылық өндірістерін қозғау қаулыларын заңсыз деп тану туралы талап қою Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес қайтарылған.

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Сот ұйғарымдарымен келіспей, кассациялық шағымда талап қоюшы жауапкердің іс әрекеттерінен несие тарыхының бүлінгенін көрсетіп, сот актілерін қайта қарауды сұраған.

Соттың отырысына қатысу үшін іске қатысатын адамдар келмеді. Қазақстан ӘРПК 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды. Кассациялық шағым мен іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот төмендегі тұжырымға келеді.

Кассациялық шағым мен іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот

ӘРПК 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК 438 бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады. Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған. 2023 жылғы 29 мамырындағы № 06461-006036/352 санды атқарушылық жазба негізінде, талап қоюшыдан «Коллекторлық агенттік «Эксперт плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі ЖШС) пайдасына барлығы 105 800 теңге өндірілген.

2023 жылғы 29 мамырындағы № 06461-006036/352 санды атқарушылық жазба негізінде, 2023 жылдың 1 шілдесінде жауапкермен талап қоюшыға қатысты №1693/23-23-2280 санды атқарушылық өндіріс қозғалған.

2023 жылдың 1 маусымындағы № 06461-006890/333 санды атқарушылық жазба негізінде, талап қоюшыдан «Коллекторлық агенттік «Эксперт плюс» ЖШС-нің пайдасына барлығы 115 800 теңге өндірілген.

2023 жылдың 1 маусымындағы № 06461-006890/333 санды атқарушылық жазба негізінде, 2023 жылдың 5 шілдесінде жауапкермен талап қоюшыға қатысты №2084/23-23-2280 санды атқарушылық өндіріс қозғалған. 2024 жылдың 14 мамырында борышкер тарапынан толық орындалуына байланысты, аталған атқарушылық өндірістер тоқтатылған.

2024 жылғы 14 мамырындағы жауапкердің қаулысымен №1693/2323-2280 санды 105 800 теңге өндіру атқарушылық өндіріс бойынша сот орындаушысының қызметіне 26480 теңге мөлшерінде ақы белгіленген.

ЖСО-ның 2024 жылдың 29 тамызындағы қаулысымен борышкер Н.М. Исмагуловадан сот орындаушысының қызметіне 26 480 теңге ақы төлеу туралы қаулы бойынша №6545/24-23-2280 санды атқарушылық өндірісті қозғау туралы қаулы шығарылған.

Жауапкердің ұялы телефонына ол жайлы хабарлама 30 тамыз 2024 жылы түскен (і.б.144 том 1).

20 желтоқсан 2024 жылғы жауапкердің қаулысымен атқарушылық өндіріс қозғалмай тұрып сома өтелгендіктен 2024 жылдың 29 тамызындағы атқарушылық өндірісті қозғау туралы қаулысының күші жойылған.

2024 жылғы 14 мамырындағы жауапкердің қаулысымен №2084/2323-2280 санды 115 800 теңге өндіру атқарушылық өндіріс бойынша сот орындаушысының қызметіне 17 445,75 теңге мөлшерінде ақы белгіленген. Жауапкердің ұялы телефонына ол жайлы хабарлама 30 тамыз 2024 жылы түскен (і.б.149 том 1). ЖСО-ның 2024 жылдың 29 тамызындағы қаулысымен борышкер Н.М. Исмагуловадан сот орындаушысының қызметіне 17 445 теңге ақы төлеу туралы қаулы бойынша №6561/24-23-2280 санды атқарушылық өндірісті қозғау туралы қаулы шығарылған.

20 желтоқсан 2024 жылғы жауапкердің қаулысымен атқарушылық өндіріс қозғалмай тұрып сома өтелгендіктен 2024 жылдың 29 тамызындағы атқарушылық өндірісті қозғау туралы қаулысының күші жойылған.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 22 қыркүйегінде жауапкер тарапынан талап қоюшыға қатысты атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулы қабылданған. Аталған қаулы негізінде жауапкермен талап қоюшыға қатысты 2024 жылдың 8 қарашасында 30 теңге шығын өндіру туралы № 10426/24-232280 санды атқарушылық өндіріс қозғау қаулысы қабылданған.

Бұдан басқа, 2024 жылдың 8 қарашасында талап қоюшыға қатысты 30 теңге шығын өндіру туралы № 10474/24-23-2280 санды атқарушылық өндіріс қозғау қаулысы қабылданған.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 27 қаңтарындағы жауапкер Нариман Серикович Аймагамбетов жеке сот орындаушының 2024 жылдың 8 қарашасындағы № 10426/24-23-2280, № 10474/24-23-2280 санды атқарушылық өндіріс қозғау қаулылары заңсыз деп танылып, күші жойылған. Жауапкер Нариман Серикович Аймагамбетов жеке сот орындаушыдан мемлекет кірісіне 3 932 теңге мелекеттік баж өндірілген.

Апелляциялық саты сотының 2025 жылғы 12 мамырдағы ұйғарымымен өзгеріссіз қалдырылған Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 22 қаңтарындағы ұйғарымымен талап қоюшының 2024 жылдың 29 тамызындағы № 6545/24-23-2280, № 6561/24-23-2280 атқарушылық өндіріс қозғау қаулыларын заңсыз деп тану туралы талап қоюы ӘРПК 138-бабының 2 бөлігінің 15) тармағына сәйкес дұрыс кері қайтарылған.

ӘРПК-нің 136-бабының 4 бөлігіне сәйкес сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талап қою әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа беріледі.

Талап қоюшы сотқа сотқа ЖСО-ның 2024 жылдың 29 тамызындағы қаулыларымен келіспей, мерзім өткізіп, 23 желтоқсан 2024 жылы жүгінгендіктен, бірінші және апелляциялық саты соттарының мерзімді қалпына келтіру туралы арызын қанағаттандырудан бас тарту және талап қоюды қайтару туралы тұжырымдары негізді болып табылады. Жоғарыда келтірілген мәнжайларды ескере отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп табады.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1)тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 22 қаңтарындағы ұйғарымы, Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 мамырдағы ұйғарымы өз күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Е. Төлеев

Р. Айнақұлова

Судьялар

Н. Кабдрахманова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.