6001-22-00-3г/2350
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2022 жылғы 20 маусым
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж.Исмаилов талап қоюшы О[...] жауапкер Шымкент қаласы әкімдігінің «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-ге жұмысқа қайта орналастыру, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2021 жылғы 29 шілдедегі шешімін, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 24 қарашадағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы О[...] өкілі С[...] келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарауда
а н ы қ т а ғ а н ы :
О[...] Шымкент қаласы әкімдігінің «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-ге (бұдан әрі – Орталық / жұмыс беруші) дезинфектор және мәдени ұйымдастырушы қызметтеріне қайта орналастыру, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2021 жылғы 29 шілдедегі шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 24 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
С[...] өтінішхатында жергілікті соттардың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын, талап қоюшымен еңбек қатынастары заңсыз тоқтатылғанын көрсетіп, іс бойынша даулы сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Арыз берушінің өтінішхатта келтірген уәждерін, азаматтық іс бойынша қабылданған сот актілерін заң талаптарына және қолданыстағы сот практикасына сәйкестігін қосымша тексеру мақсатында судья өтінішхатты алдын ала қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдыру қажет деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 268, 438, 443баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2021 жылғы 29 шілдедегі шешімін, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 24 қарашадағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы О[...] өкілі С[...] келтірген өтінішхатының алдын ала қаралуы 2022 жылғы 27 маусымға қалдырылсын.
Судья
Е.Исмаилов
Көшірмесі дұрыс.Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.