Қ А У Л Ы
2025 жылғы 24 желтоқсан №6003-25-00-2к/3942 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев, талап қоюшының өкілі Д.Мукашевтың, жауапкердің өкілі Е.Темирбековтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Кумис Мусиновна Хафизованың жауапкер «Kaspi Bank» акционерлік қоғамына несие шартын жарамсыз деп тану, күшін жою туралы талап қоюымен қабылданған Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы шешіміне және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
К.Хафизова жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.
Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымда, жергілікті соттар банк борыштық жүктеме коэффициенті 50 пайыздан асып кетуі шарттың жарамсыздығына алып келетінін ескермегенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 158-бабы 1-тармағына сәйкес мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
АК-нің 159-бабы 9-тармағына сәйкес, алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Алдау белсенді әрекеттерді (жоқ заттардың сапасы туралы растау, жалған құжаттарды ұсыну және т.с.с.) жасаудан болуы мүмкін, немесе саналы әрекетсіздікте, мәміленің бір қатысушысы, екінші қателескенін түсініп, осы қатені өзінің мүддесіне пайдаланады.
Яғни, осы норманың талабына сәйкес, алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiле жарамсыз деп танылуға жатады. Алайда іс құжаттарына сәйкес, дауланып отырған мәміле үшінші тұлғаның алдау ықпалымен жасалған, яғни бұл жағдайда банк тарапынан заңсыз қасақана, алдау әрекеттері жасалмаған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы «Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» №212 қаулысына сәйкес, осы электрондық банктік қызметтер банкпен сәйкестендірудің мынадай тәсілдерінің бірін: электрондық цифрлық қолтаңба, серпінді сәйкестендіру, биометрикалық сәйкестендіру үдерісін қадағалаумен, үшінші тұлғалармен дербес деректерді қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында ұсынылады.
Талап қоюшы мен жауапкердің арасында 2024 жылғы 28 қаңтарда несие шарты жасалған.
Несие шарты шеңберінде тараптар арасында талап қоюшымен 1 000 000 теңге және 699 980 теңге мөлшерінде «Kaspi Bank» арқылы зат сатып алуға кредиттік шарт жасалған.
Атырау облысы Құрманғазы ауданы полиция басқармасының тергеу бөлімінің 2024 жылғы 10 наурыздағы қаулысымен қылмыстық іс өндіріске қабылданған, тергеп-тексеру басталған.
2024 жылғы 28 маусымдағы күдікті Г.Макулкулованың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысында қаза болған Г.Макулкулова К.Хафизованы алдау арқылы, оның ұялы телефонын иемденіп, К.Хафизоваға айтпастан, келісімінсіз, «Kaspi Bank» АҚ онлайн, келесі кредиттерді: 1 000 000 теңге және 699 980 теңгені 28 қаңтар 2024 жылы рәсімдегені көрсетілген.
Бірінші сатыдағы сот, көрсетілген қарыздарды алу биометриялық растау көмегімен жүзеге асырылғанын, кредиттер онлайн форматта рәсімделгенін, жалпы 1 699 980 теңге несие алынғанын тараптар дауламайтынын, қаулыда көрсетілген мәлімет бойынша, қарыз алу бойынша және осы қаражаттарды басқа карталарға аудару бойынша әрекеттер талап қоюшының өзімен немесе
оның рұқсатымен жасалғандығын, талап қоюшының күдіктімен өзара қарым қатынасына банктің қатысы жоқ екені және ол үшінші тұлғалар әрекеттері үшін жауаптылықта бола алмайтыны туралы қорытындыға келіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.
Апелляциялық сатыдағы сот шешіммен келісіп, қарыз алу бойынша және осы қаражаттарды басқа карталарға аудару бойынша әрекеттер талап қоюшының өзімен, оның рұқсатымен жасалған жағдайда, талап қоюшы мен банк арасында жасалған шарттар бойынша талап қоюшының құқықтары қорғалуға жатпайтыны туралы дұрыс тұжырым жасалған.
Талап қоюшының Ұлттық Банктің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №170 қаулысының 98-тармағына сәйкес, борыштық жүктеме коэффициэнті 0,5-тен (50%) аспауы тиіс. Бұл несие алушының несиеге жұмсалатын төлем сомасы оның табысының 50%-нан аспауы тиіс екені, талап қоюшының борыштық жүктеме коэффициэнті 97 %, бұл шектен артық болғандықтан, несие беру шарты АК-нің 158-бабы 1-тармағына сәйкес жарамсыз деп танылуға жататыны туралы уәжін негізсіз деп табады, себебі талап қоюшы оны бекітетін дәлелдеме ұсынбаған. Сонымен қатар, АК-нің 158-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының, заңды тұлға жарғысының талаптарын не оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi әдейі жасасқан адам, егер мұндай талап пайдакүнемдiк уәждерден немесе жауаптылықтан жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы емес. Бұл ретте, талап қоюшының өзі шарт жасап, несиені алғаннан кейін, өзіне банк несие беруге құқылы болмағаны туралы негізі бойынша құқықтары қорғалуға жатпайды.
Кассациялық шағымдағы басқа уəждер сот актілерінің қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен соттар материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы шешімі және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.