Қ А У Л Ы
2025 жылғы 23 қыркүйек №6003-25-00-2к/989 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья С.К.Нурабай, судьялар С.С.Кененбаев, Л.Б.Мамырбаева,
«Айнатас» өндірістік кооперативінің (бұдан əрі - кооператив) мүшесі С.М.Жолдыкараевтың өкілі Т.У.Мукушевтың қатысуымен ашық сот отырысында арыз берушілер М.А.Жанабаевтың, Ж.Ж.Турмановтың, О.Т.Карабасовтың, А.Н.Тастемировтың, С.Ж.Жақыптың, Ш.Ж.Жақыптың, М.Ж.Жақыптың кооператив мүшесі екендігін анықтау фактісі туралы азаматтық ісі бойынша апелляциялық шағымды қайтаруына байланысты кооперативтің мүшесі С.М.Жолдыкараевтың Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сотының 2025 жылғы 31 наурыздағы ұйғарымына, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 маусымдағы ұйғарымына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ :
Арыз берушілер М.А.Жанабаев, Ж.Ж.Турманов, О.Т.Карабасов, А.Н.Тастемиров, С.Ж.Жақып, Ш.Ж.Жақып, М.Ж.Жақып жоғарыда көрсетілген арызбен сотқа жүгінген. Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сотының 2025 жылғы 8 қаңтардағы шешімімен аталған арыз берушілердің арызы қанағаттандырылған. С.Жолдықараев осы шешіммен келіспей апелляциялық шағым келтірген.
Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сотының 2025 жылғы 31 наурыздағы ұйғарымымен апелляциялық шағым кері қайтарылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 маусымдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Мүдделі тұлға С.М.Жолдыкараев кассациялық шағымда бірінші жəне апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, процессуальдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұрады.
Кассациялық шағымды қолдаған С.М.Жолдыкараевтың өкілі Т.У.Мукушевты тыңдап, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сəйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген. АПК-нің 403-бабының 3-бөлігіне сəйкес апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін.
Демек, егер іске қатыспаған тұлғалар сот шешімі олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайды деп есептесе, бірінші сатыдағы сотқа шешімнің көшірмесін беру туралы өтінішпен жүгініп ол көшірме жіберілген күннен бастап бір ай ішінде апелляциялық шағым бере алады.
Іс материалдары бойынша мүдделі тұлға С.М.Жолдыкараев іске қатыспаған, шешімнің көшірмесін алмаған, сот шешім туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамынан білген.
АПК-нің 433-бабының 1-бөлігіне сəйкес егер белгіленген мерзімде немесе өткізіп алынған мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сотқа іс басқа шағымдар бойынша қаралғаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды, прокурордың өтінішхатын өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
Осылайша аталған АПК-нің нормаларына сəйкес сот шешімін іске қатысуға тартылмаған басқа тұлғалардың шағымдары бойынша мерзім қалпына келтірілгеннен кейін апелляциялық тəртіпте шағымдана алады.
Іске қатысуға тартылмаған мүдделі тұлға С.М.Жолдыкараев шешімнің көшірмесін жолдаған күннен бастап бір ай ішінде бірінші сатыдағы сотқа апелляциялық шағыммен жүгінуге тиіс болған.
Мəні бойынша заңды күшіне енген дұрыс сот актісінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылуға жатпайды.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сотының 2025 жылғы 31 наурыздағы ұйғарымы жəне Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 маусымдағы ұйғарымы күшінде, кооперативтің мүшесі С.М.Жолдыкараевтың кассациялық шағымы
қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші С.Нурабай
С.Кененбаев
Судьялар
Л.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.