6003-25-00-2к/3648
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 20 қаңтар
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К.Рустембеков, судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева, талап қоюшы Ш.А.Декановтың, оның өкілі С.А.Абдираимовтың, жауапкер М.А.Усманованың өкілі К.С. Ариповтың, А.А.Усмановтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Шерзад Абдисаттарович Декановтың жауапкерлер Мавлуда Абдимажитовна Усмановаға және Атабек Алимжанович Усмановқа тұрғын үйден басқа үй-жай берместен мәжбүрлеп шығару туралы азаматтық істі жауапкер М.А.Усманованың өкілі К.С.Ариповтың Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ :
Талап қоюшы Ш.А.Деканов жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен талап қоюшы Ш.А.Декановтың жауапкерлер М.А.Усмановаға және А.А.Усмановтың тұрғын үйден басқа үй-жай берместен мәжбүрлеп шығару туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған. М.А.Усманованың қарсы талап қоюы ішінара қанағаттандырылған. М.А.Усманова мен Ш.А.Декановтың арасында 2023 жылы 24 тамызда №3997 реестрімен жасалынған сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған. М.А.Усманованың қарсы талап қоюының қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, жауапкерлер М.А.Усманова мен А.А.Усманов Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, №5/5 мекенжайдағы тұрғын үйден басқа тұрғын жай берместен мәжбүрлеп шығарылған.
Қарсы талап қоюшы М.А.Усманованың талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Жауапкер М.А.Усманова кассациялық шағымында іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертусіз қалдыруды сұраған.
Кассациялық сот тараптарды тыңдап келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде
бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
Іс құжаттарына сәйкес, 2023 жылғы 24 тамыздағы №3997 реестрімен нотариус С.М.Абдишукировамен куәландырылған Ш.А.Деканов пен М.А.Усманованың арасында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі №5/5 үйді кадарстрлық №19-295-044-2614 жер телімімен сатып алу-сату келісім шарты жасалған.
Бірінші сатыдағы сот Ш.А.Деканов пен М.А.Усманованың арасындағы сатып алу-сату шартына, М.А.Усманованың қолхаттарына және Ш.А.Декановпен тіркелген бейнежазбаларға назар аудармаған, тиісті түрде баға бермеген деген апелляциялық сатыдағы соттың қорытындысы дұрыс.
Ш.А.Деканов пен М.А.Усманованың арасындағы сатып алу-сату келісім шарты нотариалды түрде жасалған, Ш.А.Деканов сатылған үй үшін 14 000 000 теңге ақшалай, қалғанын көлік, ұялы телефон арқылы алғаны және Ш.А.Декановпен ұсынылған дыбыс,-бейнежазбада іске тіркелген қолхаттар М.А.Усмановамен жазылғаны апелляциялық сотпен нақты анықталған.
Сонымен қатар, қарсы талап қоюшы М.А.Усманова талап қоюында және нақтылау туралы арызында мәміленің жарамсыздығына сілтеме жасап, М.А.Усманова мен Ш.А.Декановтың арасындағы даулы шарттың күшін жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 16-тармағында АПК-нің 225-бабының екінші бөлігіне және 48-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот iстi талап қоюшы мәлiмдеген талаптар шегiнде шешедi және өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес.
Алайда, бірінші сатыдағы сот АПК-нің 225-бабы 2-бөлігінің талабын бұзып, талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінен шығып, М.А.Усмановамен даулы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қойылмасада, даулы шартты жарамсыз деп таныған.
Сот шешімін шығару кезінде процестік заңнама талаптарының бұзылуына жол берілген.
Бірінші сатыдағы сот, қарсы талап қоюды қанағаттандырудың негізі ретінде А.А.Усманов пен Ш.А.Деканов арасындағы қарыз мәмілесінің болуын көрсеткен.
Алайда, іс бойынша қарыз мәмілесі болғандығы туралы мән-жайлар анықталмаған, істің құжаттарында ондай дәлелдер тіркелмеген, бірінші сатыдағы сот қарсы талап қоюды қанағаттандыру туралы шешімін тек А.А.Усмановтың жауабымен негіздеген.
Демек, сот барлық мән-жайды жан-жақты зерттемей, тек бір ғана дәлелге негіздеп, қарсы талап қоюды қанағаттандырған.
Сондықтан М.А.Усманованың даулы шарттың күшін жою туралы қарсы талабы апелляциялық сатыдағы сотпен қанағаттандырусыз қалдырғаны заңды
Іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар екендігі туралы түйіндерді растайтын дәлелдемелер
АК-нің 951-бабы 4-тармағын басшылыққа ала отырып, моральдық зиянды өндіру туралы талапты қанағаттандырмауы құқықтық тұрғыдан дұрыс деп танылады.
Сот алқасының бірінші сатыдағы соттың жауапкерлерді даулы тұрғын үйден басқа тұрғын үй-жай берместен шығарудан бас тартуға жататындығы туралы тұжырымын, негізсіз деп тапқан.
Апелляциялық сот Ш.А.Декановтың талабын қанағаттандыруы АК-нің 188-бабы 2-тармағының, 260-бабының, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 12-бабының 2) тармақшасының, 30-бабының талаптарымен үйлеседі. Заңның 30-бабында тұрғын үйді меншіктену құқығы тоқтатылған жағдайда, тұрғын үйде тұратын басқа адамдар басқа тұрғын үй-жай берілмей шығарылады деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері» туралы 2007 жылғы 16 шілдедегі №5 нормативтік қаулысының 14 тармағында, тұрғын үй іс жүзінде басқа тұлғаның заңсыз иеленуінде болған жағдайда, меншік иесі тұрғын үйді өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап қоюға құқылы. Сондықтан, сот алқасы М.А.Усманова мен А.А.Усмановты тұрғын үйжай берместен мәжбүрлеп шығаруы заңды.
Сатып алу - сату шарты кепіл шартын бүркемелейді деген М.А.Усманованың уәжі негізсіз, өйткені ол бұл туралы дәлелдемелер сотқа табыстамаған.
Кассациялық сот апелляциялық сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер негізінде заңды күшіне енген сот актілерін өзгертуге немесе жоюға құқылы емес.
Сот алқасы іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жан-жақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге алқа сотмен тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан дауланып отырған сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкер М.А.Усманованың өкілі К.С.Ариповтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар: В.Е.Тохтарбаева Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.