№6001-22-00-3г/2437(2)
Қ А У Л Ы
2022 жылғы 30 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.О.Сисенова талап қоюшы «Атырау қаласы полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) П[...] қарсы Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығару туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Атырау қалалық сотының 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы П[...] өкілі К[...] өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Атырау қаласы полиция басқармасымен Қарақалпақстан Республикасының азаматы П[...] 2021 жылғы 02 қарашада «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 437-бабы 1-бөлігімен (Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы) және 2022 жылғы 28 ақпанда Кодексінің 204-бабы 1- бөлігімен (жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Арыз беруші сотқа арыз беріп, онда П[...] Қазақстан Республикасының заңнамаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығаруды сұраған.
2022 жылғы 14 сәуірдегі Атырау қалалық сотының шешімімен «Атырау қаласы полиция басқармасы» ММ-нің арызы қанағаттандырылған.
1987 жылы 30 қантарда туылған, Қарақалпақстан Республикасының азаматы П[...] Қазақстан Республикасы шегінен тыс шығарылып жіберілген.
П[...] мемлекет пайдасына 1 532 теңге мемлекеттік баж өндірілген. Өтінішхат иесі соттың шешіммен келіспейтіндігін көрсетіп, оның күшін жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодесінің (бұдан әрі - АПК) 382 - бабына сай, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды ішкі істер органдары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болған және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңының 28-бабының 1- тармағына сәйкес, шетелдік егер:
а) оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;
б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн.
Іс құжаттарынан анықталғандай, азамат П[...] 2021 жылғы 2 қарашада және 2022 жылғы 28 ақпанда Кодексінің 437-бабы 1-бөлігімен және 204-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Осылардың негізінде сот П[...] Қазақстан Республикасының заңнамаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығаруды шешті.
Өтінішхатта арызданушының өкілі П[...] iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келмейді деп қөрсеткен, себебі П[...] тыныштықты бұзу үшін және жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Өтінішхатта қөрсетілгендей:
П[...] ұлты қазақ, Қазақстан Республикасында 10 жыл бері тұрып жатыр және Қазақстан Республикасы азаматтығын алып және тарихи Отанына оралам деген мақсаты бар;
Атырау қаласында тұратын П[...] анасы және әпкесі Қазақстан Республикасының азаматтары.
Өтінішхат иесі осы жағдайлар бірінші сатыдағы сотымен ескерусыз қалдырған деп санайды.
Іс материалдарын алдын ала зерделеу, арызданушының өтінішхатында келтірген уәждері және жоғарыда көрсетілген түйіндер сот актіні қайта қарау үшін кассациялық сатының сот мәжілісінде қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
Атырау қалалық сотының 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы П[...] өкілі
К[...] өтінішхаты азаматтық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.
Судья Н. Сисенова
Қөшірмесі дұрыс: Судья: Н. Сисенова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.