ВС РК - Постановление от 23.01.2024 по делу 6001-23-00-6кп/93 (Об административном правонарушении)

6кп-93-23

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 23 қаңтар

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья Б.Б.Шермұхаметов,

судьялар Н.Қ.Құрманғалиев, Е.Маукен,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілі К[...],

өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға Т[...] және қорғаушы-адвокат М[...]

қатысуларымен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен аудио-бейне жазба құралдарын қолданып, ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен жеке кәсіпкер Т[...] жеке кәсіпкерге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 275-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Ырғыз ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) 2022 жылғы 8 сәуірдегі қаулысымен жеке кәсіпкер Т[...] ӘҚБтК-нің 275-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 2 297 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылғы 16 мамырдағы қаулысымен Басқарманың қаулысы өзгертіліп, Т[...] 41 419 950 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен Департаментің қаулысы өзгертіліп, Т[...] 21 668 833 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Іс апелляциялық сатыда қаралмаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен сот қаулысының күші жойылып, іс жаңадан қарауға сотқа жолданған.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен іс бойынша Департаментің қаулысы өзгеріссіз қалдырылған. Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 сәуірдегі қаулысымен Департаментің қаулысы өзгертіліп, Т[...] 33 727 188 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды сұраған.

Ұсынуды қолдап алған уәкілетті органның өкілі К[...] ұсынуды қанағаттандыруды сұрағанын, жеке кәсіпкер Т[...] пен оның қорғаушы-адвокаты М[...] түсініктемелерін, прокурор Т[...] қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерделеп, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мынадай келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.

Іс бойынша мұндай негіздер бар. Іс материалдарына сәйкес Т[...] қосымша құн салығы бойынша есепке қою мақсатында айналымның ең төменгі шегінен асырғаны негіз болып тартылғандығы анықталды.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқаның пікірінше, апелляциялық сатыдағы соттың іс бойынша қаулысы соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділікті бұзады.

Т[...] 2020 жылғы 5 қазанында қосылған құн салығы бойынша тіркеуге өтініш бергенін анықтады.

Апелляциялық сатыда сот істі қарау кезінде есеп мынадай түрде жүргізген: 352 148 254 теңге (2019-2020 жылғы нақты айналымы); 75 750 000 теңге (2019 жылға ең төменгі айналым 30 000 айлық есептік көрсеткіш); 51 478 274 теңге (2022 жылғы 26 сәуірдегі 300.00 нысан бойынша қосылған құн салығы бойынша айналым (қосымша); 72 058 теңге (2021 жылғы 15 ақпандағы 300.00 нысан бойынша қосылған құн салығы бойынша айналым (қосымша). (352 148 254 - 75 750 000 - 51 478 274 - 72 058) х 15% = 33 727 188 теңге (жалпы айыппұл).

Сонымен бірге, Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті. Т[...] қосылған құн салығы бойынша 2020 жылғы 5 қазанында тіркелуіне және шот-фактураларды беру бойынша міндеттемелерді орындамауна байланысты 300.00 нысаны бойынша салық есептілігі бойынша айналым - 51 478 274 теңге және 72 058 теңге есепке алынбайды.

Т[...] өндірісіне байланысты 2020 жылғы 5 қазандағы ҚҚС есебі бойынша және шот-фактураларды беру бойынша міндеттемелерді орындамағаны, 300.00 нысаны бойынша салық есептілігі бойынша айналым - 51 478 274 теңге және 72 058 теңге есепке алынбайды.

Сондықтан есептеуді келесідей жасау керек: 205 617 061 теңге (2019 жылғы нақты айналымы); 75 750 000 теңге (2019 жылға ең төменгі айналым 30 000 айлық есептік көрсеткіш); 139 717 860 теңге (2020 жылғы нақты айналымы); 6 813 333 теңге ( 2020 жылғы нақты айналымы); 265 256 теңге (шот-фактура бойынша 2020 жылғы 5 қазаннан кейінгі 2020 жылғы нақты айналым).

(205 617 061 - 75 750 000 + 139 717 860 + 6 813 333 - 265 256) х 15% = 41 419 950 теңге (жалпы айыппұл).

Осыған байланысты алқа Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың қаулысын күшінде калдыру туралы тұжырымға келіп отыр.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандыруға жатады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабын басшылыққа ала отырып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І : Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 сәуірдегі қаулысының күші жойылсын.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 275-бабы 5-бөлігі Т[...] жеке кәсіпкерге қатысты қабылданған Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 23 ақпандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

Б. Шермұхаметов Н. Құрманғалиев Е. Маукен

Көшірмесі дұрыс. Судья Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.