ВС РК - Постановление от 17.04.2025 по делу 6001-25-00-6ап/234 (Административное)

№6001-25-00-6ап/234

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 17 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып жауапкерледің өкілдері Д.Орманбектің, Ж.Үсеновтың,

мүдделі тұлға «Махамбетова Гульшат Амангельдиевна» жеке кәсіпкерінің (бұдан әрі – «Махамбетова» ЖК) өкілі Б.К.Сералиевтың қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Нурмаханова Н» атауымен әрекет етуші жеке кәсіпкер Нурсулу Китабалаевна Нурмаханованың жауапкерлер «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) , «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, конкурс қорытындылары туралы хаттамаларының күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 10 қазандағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулысына мүдделі тұлға ЖК «Махамбетова» өкілі Б.К.Сералиевтің келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

ЖК «Нурмаханова Н» жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 10 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Департаменттің 2024 жылғы 15, 19 шілдедегі №431010000-КпОПО-32300484, №431010000-КпОПО-32-301180 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалары заңсыз деп танылып, күші жойылған;

Басқарманың 2024 жылғы 9 шілдедегі №12472432-ОК1, 2024 жылғы 22 маусымдағы, 22 шілдедегі №12304400-ОК1, 2024 жылғы 27 маусымдағы, 24 шілдедегі №12423347-ОК1 қорытындылар туралы хаттамалары заңсыз деп танылып, күші жойылған;

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен ЖК «Махамбетова» арасында жасалған 2024 жылғы 31 шілдедегі №39 қызмет көрсету туралы шарты жарамсыз деп танылған;

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сералы Лапин атындағы №261 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Оңдасын и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2024 жылғы 5 тамыздағы № 47 қызмет көрсету туралы шарты жарамсыз деп танылған;

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектепгимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Балғабаева Р.» жеке кәсіпкері арасында жасалған 2024 жылғы 5 тамыздағы №56 қызмет көрсету туралы шарты жарамсыз деп танылған;

Басқармаға №5 мектеп-лицейде, №261 орта мектебінде, №80 мектепгимназияда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі бойынша конкурстарды қайта жариялау міндеттелген.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Мүдделі тұлға кассациялық шағымында іс бойынша соттар шешім қабылдағанда материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

2025 жылғы 10 сәуірінде мүдделі тұлғалар «Махамбетова» ЖК-нің өкілі Б.К.Сералиевтен кассациялық шағымды кері қайтару туралы өтініш түсті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 435-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өтiнiшхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы. АПК-нің 442-бабының бірінші бөлігі 4) тармақшасына сәйкес өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса, өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қайтарылуға жатады.

Осыған орай кассациялық шағым оны берген тұлғаға қайтарылуға жатады. АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінің 4) тармақшасын басшылыққа алып,

судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 10 қазандағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулысына мүдделі тұлға ЖК «Махамбетова» өкілі Б.К.Сералиевтің кассациялық шағымы кері қайтарылсын.

Жеке кәсіпкер Гульшат Амангельдиевна Махамбетовамен кассациялық шағым берген кезде төленген 3878 (үш мың сегіз жүз жетпіс сегіз) теңге баж салығы қайтарылсын.

Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.

Төрағалық етуші Судьялар

С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова

Көшірмесі дұрыс. Судья

Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.