ҚАУЛЫ
2025 жылғы 10 желтоқсан №6003-25-00-4к/2508 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші - судья Д.Ә. Әбдіғалиев,
судьялар - Г.М. Ыдырысова, М.А. Қасымов,
талап қоюшы Б.К. Мусабековтың қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Болатбек Кайролданович Мусабековтың жауапкер Жетісу облысы Ақсу ауданының әкіміне (бұдан әрі - Аудан әкімі) қатысты Ауданының әкімінің 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімін, 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулысын заңсыз деп танып, шаруа қожалығын жүргізу үшін жер беру туралы шешімін қалпына келтіруді міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі - МАӘС) 2025 жылғы 20 наурыздағы ұйғарымы мен Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі - ӘІжСА) 2025 жылғы 8 шілдедегі ұйғарымына талап қоюшы өкілінің берген кассациялық шағым бойынша әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жер учаскесін беру туралы шешімнің күшін негізсіз себептермен жойлуымен негіздеп, аталған әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінген.
МАӘС-тің 2025 жылғы 20 наурыздағы ұйғарымымен талап қоюды беруге арналған мерзімді өткізіп алу және оны қалпына келтіруден бас тарту салдарынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасы негізінде талап қою қайтарылған.
ӘІжСА-ның 2025 жылғы 8 шілдедегі ұйғарымымен МАӘС-тің ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Кассациялық шағымда талап қоюшының өкіл талап қоюды сотқа беру үшін мерзімді қалпына келтіріп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған. Талап қоюшы мен жауапкердің өкілдері сот отырысына бейнеконференцбайланыс режимінде қосылу туралы өтінішхаттармен жүгінген. Алайда аталған өтінішхаттар қанағаттандыруға жатпайды, себебі сот отырысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының ғимаратында тараптардың міндетті түрде жеке қатысуымен қарауға тағайындалған, бұл жөнінде іс жүргізуге қатысушылардың барлығы алдын ала хабардар етілген. Көрсетілген мән-жай кассациялық сатыдағы сотта сот отырысын өткізу форматын өзгертуге негіз болып табылмайды.
Әкімшілік іске қатысушы өзге тұлғалар сот отырысының күні, уақыты мен форматы туралы тиісті түрде хабардар етілгеніне қарамастан, сот отырысына келмеген және келмеу себептері туралы сотқа мәлімдемеген. ӘРПК-нің 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Кассациялық шағымның уәждерін талқылап, іс материалдарын зерттеп, ұсынылған дәлелдемелерді бағалап, кассациялық сот келесі қорытындыға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер ӘРПК-де өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сай заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Мұндай бұзушылықтарға соттар жол берген.
Іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес, аудандық жер реформасы жөніндегі комиссиясының 1998 жылғы 27 ақпандағы №1-93 шешімі негізінде Б. Мусабековке 10 га суармалы егістік жер берілген.
№5 шешімімен Б. Мусабековке шаруа қожалығын жүргізу үшін жер беру туралы 1998 жылғы 26 ақпандағы №1-93 шешімінің күші меншік құқығын тіркемеу негізі бойынша жойылған.
Кейіннен, Аудан әкімінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №590 қаулысы негізінде ЖК «Ералы» А.Б. Болысбековке арнайы жер қоры есебінен Жансүгіров ауылдық округінде орналасқан 10,0 гектар суармалы егістік жер телімі шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылға табысталған.
Б.К. Мусабеков өзінің бұзылған құқықтарын сот арқылы қорғау құқығын іске асырып, 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімді сот тәртібімен даулаған.
МАӘС-тің 2022 жылғы 31 тамыздағы ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, оның шарттарына сәйкес Аудан әкімі 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешіміне Б. Мусабековке қатысты бөлігіне өзгеріс енгізіп, 1998 жылғы 27 ақпандағы №1-93 шешімін қалпына келтіруге міндеттелген.
Жоғарыда көрсетілген МАӘС-тің ұйғарымын орындау мақсатында, Аудан әкімінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі №353 А.Б. Болысбековке жалпы алаңы 10,0 гектар жер телімін бекітіп беру туралы 2021 жылғы 12 қарашадағы №590 қаулысының күші жойылды. Осы күні Аудан әкімінің 2022 жылғы 27 №356 қаулысымен Б.К. Мусабековке жалпы алаңы 10,0 гектар суармалы 30 жылға жалға шаруа қожалығын жүргізу үшін табысталған.
Аудан әкімінің 2022 жылғы 7 қазандағы №386 қаулысымен МАӘС-тің 2022 жылғы 31 тамыздағы ұйғарымын орындау А.Б. Болысбековке жалпы алаңы 1,0 гектар жер телімін беру туралы 2021 жылғы 12 қарашадағы №590 қаулысының күші жойылып, 1998 жылғы 27 ақпандағы №1-93 шешімі қайта қалпына келтірілді.
Алайда ӘІжСА-ның 2024 жылғы 17 қаңтардағы ұйғарымымен МАӘС-тің 2022 жылғы 31 тамыздағы медиациялық келісімді бекіту туралы ұйғарымының күші жойылып, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарау үшін жолданған.
Істі жаңадан қарау барысында МАӘС-тің 2024 жылғы 2 ақпандағы ұйғарымымен Б.К. Мусабековтың 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімін даулау туралы талап қоюы талап қоюшының арызы негізінде қайтарылған.
ӘІжСА-ның 2024 жылғы 17 қаңтардағы ұйғарымын басшылыққа ала отырып, Аудан әкімінің 2024 жылғы 14 мамырдағы №238 қаулысымен 2022 жылғы 27 қаңтардағы №353 қаулысының күші жойылған.
№531 қаулысымен МАӘС-тің 2024 жылғы 2 ақпандағы ұйғарымын орындау мақсатында Б.К. Мусабековек жер учаскесін беру туралы 2022 жылғы 27 қыркүйектегі №356 қаулысының күші жойылған.
2022 жылғы 7 қазандағы №386 қаулысының күші жойылған.
2025 жылғы 18 наурыздағы талап қоюды нақтылау туралы өтінішке сәйкес, талап қоюшы:
2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімді заңсыз деп тануды,
жауапкерді 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімін қалпына келтіруді міндеттеуді,
2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулысын заңсыз деп тануды сұраған.
Талап қоюды нақтылай отырып, талап қоюшы 2018 31 шілдедегі №5 шешімді және 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулыны даулау туралы мерзімі өткізіліп алынған талап қоюдың мерзімін қалпына келтіру жөнінде өтініш берген.
ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе ӘРПК-де және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі. ӘРПК-нің 136-бабының сегізінші бөлігіне сай, талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
АПК-нің 126-бабының екінші бөлігіне сәйкес, егер АПК-де белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.
Төмен тұрған соттар 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімді даулауға арналған талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, талап қоюды толық көлемінде қайтарған кезде, талап қоюшыға бұл шешімнің бар екендігі 2022 жылғы тамызда талап қойған сәтте белгілі болғанын көрсеткен. Талап қоюшы оны бұған дейін де сот тәртібімен даулаған, және осы талапты қарау нәтижелері бойынша МАӘС-тің 2022 жылғы 31 тамыздағы ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілген.
31 шілдедегі №5 шешім бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы деп есептемеген, өйткені даулы жер учаскесі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы сатып алу-сату шарты бойынша Ә.Әбілкасымға сатылған. Сондықтан, аталған шешім қабылданған сәттен 6 (алты) жылдан астам уақыт өткенін ескере отырып, талап қоюшының оны даулауға арналған біржылдық түпкілікті мерзімі (АППК 136бабының бесінші бөлігі) өтіп кеткен.
Кассациялық сот іс материалдарымен айқындалған мән-жайларды негізге ала отырып, төмен тұрған соттар тарапынан жол берілген процестік заң бұзушылықтарға жол берілген деген қорытындыға келеді.
ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сай, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
ӘРПК-нің 116-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, талап қоюдың нысанасын айқындау кезінде сот талап қою талаптарының тұжырымдамасымен, талап қою мәтінімен және оған қоса берілген немесе кейін ұсынылған құжаттармен байланысты болмайды. Сот талап қоюдың мәлімделген негіздемесімен байланысты болмайды, бірақ талап қою талаптарының шегінен шығуға құқылы емес.
Іс материалдарынан талап қоюшы 2025 жылғы 18 наурызда талаптарын нақтылап, 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімді ғана емес, сондай-ақ 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулыны да даулағаны көрінеді. Алайда төмен тұрған соттар талап қою мерзімін өткізіп алу мәселесіне құқықтық баға беруде тек 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімге қатысты мәнжайларға ғана назар аударған.
Сонымен бірге, олар талап қоюшының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулыны даулауға қатысты мерзім жөніндегі дәлелдерін елемей, оларға құқықтық баға бермеген.
МАӘС-тің 2025 жылғы 20 наурыздағы ұйғарымында да, ӘІжСА-ның 2025 жылғы 8 шілдедегі ұйғарымында да 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулыны даулауға арналған талап қою мерзіміне қатысты қандай да бір қорытындылар көрсетілмеген, бұл мәселелерге төмен тұрған соттар тарапынан құқықтық баға берілмеген.
31 шілдедегі №5 шешімді даулауда деген тұжырымға келген. Алайда талап қоюшы 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулыны да даулаған, осы талап мәні бойынша қаралмай, шешілмей қалған.
Соттар өз бастамасы бойынша талап қоюшының арызда көрсетілген талаптарын шектеген, бұл әрекет заңсыз болып табылады. Аталған тәртіп ӘРПК мен АПК-нің нормаларымен қарастырылмаған және әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидаттарына қайшы келеді.
Сонымен қатар, кассациялық сатыдағы сот 2024 26 қыркүйектегі №531 қаулыны даулауға қатысты процестік мерзімдердің талап қоюшы тарапынан өтіп кеткенін растайтын ешқандай дәлел іс материалдарында жоқ екенін анықтай отырып, олардың мерзімдері сақталған деген тұжырымға келеді.
Атап айтқанда, талап қоюшы өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішінде 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулыны даулауға қатысты ақпаратты 2025 жылғы ақпан айында білгенін көрсеткен. Аталған әкімшілік талап қою сотқа 2025 жылғы 25 ақпанда берілген, бұл оның уақытылы берілгенін дәлелдейді және ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес келеді.
ӘРПК-нің 129-бабының екінші және төртінші бөліктеріне сай, дау айту жөніндегі талап қою бойынша дәлелдеу ауыртпалығын ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтереді.
Егер барлық дәлелдемелерді зерттегеннен кейін әкімшілік істің нәтижесіне негізделген қандай да бір факт дәлелденбей қалса, онда әкімшілік істі қарау және шешу нәтижелерінің теріс салдарларын осы фактіні дәлелдеудің ауыртпалығын көтеретін тарап көтереді.
Жауапкер тарапынан іс материалдары негізінде 2024 26 қыркүйектегі №531 дауланып отырған әкімшілік актіні талап қоюшыға бұрын жеткізілгендігі және тиісті хабарланғандығы дәлелденген жоқ. Талап қоюшының осы тұжырымына қарсы келетін мән-жайлар жауапкер тараптан көрсетілмеген және іс материалдарында жоқ. Сондықтан 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулыны даулауға қатысты талап арызды қайтару дұрыс емес болып табылады. Салдарынан, осы бөліктегі сот актілерінің күштері жойылып, іс мәні бойынша қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберілуі тиіс.
2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешімді заңсыз деп тану және оны қалпына келтіруге міндеттеу жөніндегі талап қоюды ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайтару дұрыс болып табылады. Даулы әкімшілік акт 2018 жылғы 31 шілдеде қабылданған, оның бар екендігі талап қоюшыға 2022 жылғы тамызда белгілі болған.
2022 жылғы 31 тамыздағы ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілген. Кейін бұл сот актісі күшін жойғаннан кейін талап қоюшы аталған талап қоюды қайтарып, МАӘС-тің 2024 жылғы 2 ақпандағы ұйғарымы негізінде қайтарылған.
25 ақпанда жүгінген, яғни бір айлық мерзімнің өтіп кеткені байқалады, салдарынан талап қою ұзақ уақыт өткеннен кейін ғана берілген.
Заң шығарушы ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес, даулы әкімшілік актіні даулауға арналған талап арызды бір ай ішінде беру мүмкіндігін қарастырған, ал аталған жағдайда бұл мерзім өтіп кеткен.
Талап қоюшы мерзімді өткізіп алғанына қатысты дәлелді себептер көрсетпеген, мерзімді қалпына келтіру туралы берілген өтініште де тиісті негіздер келтірмеген.
Осылайша, даулы құқық қатынастарына ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасын қолдану және талап қоюды осы бөлікте қайтару дұрыс болып табылады.
Сонымен қатар, кассациялық сатыдағы сот төмен тұрған сот актілерінен Б.К. Мусабековтың 2018 жылғы 31 шілдедегі №5 шешім бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы еместігі туралы қорытындыны алып тастауды қажет деп санайды. Аталған тұжырым іс материалдарының мән-жайларына сәйкес келмейді, себебі бұл шешім Б.К. Мусабековқа қатысты қабылданған, ол аталған әкімшілік рәсімге тікелей қатысушысы болып табылады және шешім оның құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей әсер етеді. Бұл шешім бірінші оған берілген, кейін басқа тұлғаға сатылған жер учаскесі бойынша мәселені реттейді. Қазіргі уақытта тараптардың 2025 жылғы 21 қаңтардағы келісімімен 2022 жылғы 2 желтоқсандағы бұрынғы сатып алу-сату шарты бұзылған. Сондықтан даулы құқық қатынастарына ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігін қолдану дұрыс емес.
Осыған байланысты талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандыруға жатады. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 20 наурыздағы ұйғарымы мен Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 шілдедегі ұйғарымы өзгертілсін.
Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №531 қаулысының заңсыз деп тану туралы талап қоюды қайтару бөлігінде күші жойылып, осы бөлікте іс мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберілсін. Сот актілерінің қалған бөлігі күшіне қалдырылсын. Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.
Д. Әбдіғалиев
Төрағалық етуші
Судьялар
Г. Ыдырысова
М. Қасымов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.